23.05.2024, 23:15
Оқылды: 2

Бөкей ордасы ауданы: Хан ордасына апарар жол тақтайдай тегіс даңғыл болмақ

Бөкей ордасы ауданының ғана емес, тұтас облысымыздың бетке ұстар жауһары, ішкі туризм десек, нақ соның "көзірі" Хан Ордасы ауылына келушілер қатары күн өткен сайын артып келеді. Келіп-кеткен көпшіліктің аузындағы, арнайы ат басын бұрған блогер біткеннің жазбасындағы әңгіменің бәрі қазақтың соңғы хандығының қастерлі орны туралы әдемі әсермен басталып, жолдың сын көтермейтін жағдайымен тәмамдалды.

FB_IMG_1716351416491

Округтердің кірме жолының жай-күйі күн тәртібіндегі тұрақты мәселенің бірі еді. Жақын күндері осы Хан ордасының кірме жолына қатысты мәселенің де күрмеуі шешілмек. Тарқатып айтсақ, Хан ордасына апарар 21 шақырым кірме жолының жөндеу жұмыстары басталды. Кірме жол учаскесінің мердігері – "Ақжол құрылыс" ЖШС-і болып танылды. Іргелі іс қолға алынған осы күнде аудан әкімі орынбасары Біржан Меңешов арнайы барып, "ҚазАвтоЖол" ҰК БҚО филиалының директоры А.Мардан және "Ақжол құрылыс" ЖШС-нің жоба жетекшісі Д.Наурызғалиевпен кездесіп, жұмыс барысындағы сұрақтар мен мәселелерді талқылады.

FB_IMG_1716351411400

Аудан әкімі орынбасары мердігер компанияға жолдың сапасы мен мерзіміне баса назар аудару керектігін ескертті.

FB_IMG_1716351376817

Қазіргі таңда Ақжол құрылыс" ЖШС-нің техникалары мен адам күштері Хан Ордасы ауылына кірме жолдың жөндеу жұмыстарына кірісуде.

Ұлпан Әнуарқызы, 

Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале