1.10.2022, 23:41
Оқылды: 67

Бөкей ордасы ауданында Қариялар күніне орай мерекелік шара өтті

Қариялар күніне орай Бөкей ордасы ауданы орталығында мерекелік шара өтті. Аудан әкімі аппараты, аудандық құрылыс бөлімі, аудандық әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамту бөлімі, халықты жұмыспен қамту орталығы, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, автомобиль жолдары және жолаушы көлігі бөлімінің ұжымдары аға буынға ақ дастархан жайып, құрмет көрсетті.

7825CB5F-AF05-4036-A0AD-0F5E81986C27

Аудан әкімі Нұрлыбек Даумов:

– Ауыл ақсақал, ақжаулықтылармен көрікті. Сіздердің өмір жолдарыңыз – өскелең ұрпақ үшін өнеге. Тентекті тезге салып, ата-бабадан жеткен салт-дәстүрді ертеңге жеткізетін алтын көпір өздеріңіз. Ұрпағыңыздың, тұтас елдің жақсылығына тілекші боп, ортамызда аман отырыңыздар, - деп тілегін білдірді.

Аудандық мәслихат хатшысы Лариса Қайырғалиева мен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тілеген Арыстанбеков те аға буын өкілдеріне игі ниеттерін білдірді. Осы күзде мерейлі жасқа толған Айтқаным Тасқалиеваға құттықтау хат табысталды.

Аудан өнерпаздары Рауан Қажығалиев пен Шерхан Молдашев әдемі әндерімен шара шырайын ашты.

EBBC7EE2-C506-49DA-82EE-DD4DB8184770

Ардагер ағаларымыз бен ақ жаулықты аналарымыз да өз кезегінде әдемі кеш, көтеріңкі көңіл күй сыйлаған ұйымдастырушыларға алғыстарын айтып, өткен күндерден сыр шертті.

– Соғыстан соң туып, жарты құрсақ күн кешіп, үстімізге үйлескенін емес табылғанын киіп, барға қанағат еттік. Балалық шақта бала бақытты, ұрпағы саналы боп, жүрегі тыныш болса, қартайғанда қария бақытты. Бейнеттің бәрі артта қалып, еңбегіміздің зейнетін көріп отырмыз. Ішкеніміз алдымызда, ішпегеніміз артымызда. Барға шүкір. Осы барымыздан айырылмайық, -  деп Нағира Жұманалиева алғысын айтты.

Кеш қонақтары әдемі әннің әуенімен би билеп, Тамара Мағзомова мен Айжан Хасенова сияқты апаларымыз ауылдың алтыауызын да айтты.

Ұлпан Әнуарқызы,

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале