7.11.2020, 12:12
Оқылды: 41

Бөкей ордасы ауданында қазан айында санитарлық талаптарды сақтамау жағдайлары жиілеген

photo_336168

Карантин басталғалы әр өңірде құралған мониторингтік топтар көпшілік шоғырланатын жерде санитарлық талаптардың орындалуын қадағалап келеді. Күшіне енген жаңа қаулылардың тармақтарын түсіндіріп, орындалмаған жағдайда әкімшілік жазаға тартуда.

– Тек өткен қазан айында аталмыш топ аудан бойынша 10 рейд жүргізіп, облыстың бас санитарының №31 қаулысындағы талаптарымен таныстырып, оларды ұстануға шақырды. Білім ошақтарында, балабақша мен дүкендерде талап орындалғанмен, халық арасында той-топыр әлі де бәсеңсімей тұр, - дейді аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Света Рамазанова.

Есепті мерзімде ауданда құрылған мониторингтік топтар 58 нысанды аралады. Қазанда тағы да тоғыз жеке тұлға санитарлық тәртіп бұзып, мониторингтік топ құрығына ілікті. Сөйтіп, қыз ұзату, келін түсіру, сырға салу, құдалық той сынды отбасылық шараларды әшкерелеп, үй иелеріне 375030 теңге мөлшерінде айыппұл салынған. Айыппұл сомасы түгел өндірілген. Айталық, карантиндік режим жарияланғалы ауданымызда 23 тәртіп бұзушылық анықталып, оларға тиісті жаза қолданылды.

Раушан Бақытова,
Бөкей ордасы ауданы
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале