Халықаралық әйелдер күніне орай волейболдан қыздар арасында аудандық турнир өтті.
Турнирдің ашылу салтанатында аудандық мәслихат төрағасы Лариса Қайырғалиева аруларымызды төл мерекелерімен құттықтап, сәттілік тіледі.
Алты команда қатысқан турнир тартысты өтті.
«Сайқын ауылы» командасы турнир жеңімпазы атанса, «Хан Ордасы ауылы» ІІ орын, М.Мәметова мектебінің командасы ІІІ орын иеленді. Үздік ойын үлгісін көрсеткен ойыншылар да марапатсыз қалмады. «Хан Ордасы ауылы» командасының ойыншысы Альбина Оразгелдиева «Үздік шабуылшы», М.С.Бабажанов мектебі атынан шыққан Салтанат Көбиева «Үздік қорғаушы», мәметовалық ойыншы Ранида Ахмедиярова «Үздік байланыстырушы» аталымдарына ие болды. Сайқын ауылы командасының ойыншысы Жансұлу Бисенғалиева турнирдің үздік ойыншысы деп танылды.
Жеңіске жеткен командалар мен үздік ойыншылар арнайы диплом, сыйлықтармен марапатталды.
Анар Артықбай
Бөкей ордасы ауданы