20.03.2024, 23:11
Оқылды: 21

Бөкей ордасы ауданында ұлттық спорт ұлықталды

Наурызнаманың ұлттық спортты ұлықтаған бүгінгі күнінде Бөкей ордасы ауданы Ұялы ауылында кереметтей шара өтті. Ауылдық мәдениеті үйі мен Орда спорт клубының Ұялы ауылындағы нұсқаушысы Ә.Омаровтың ұйымдастыруымен көше тұрғындары арасында ұлттық ойындардан сайыс болып өтті.

FB_IMG_1710944644772

Қол күрестен Бөбек Тұяққалиев І орын, Азамат Бәйішев ІІ орын, Мұрагер  Мұстафин ІІІ орын иеленді.

Мылтық атудан бақ сынағандар арасында Ерлан Ермекқалиев сұрмерген танылып, І орын алды. Адамбек Абуғалиев пен Өмірбек Темірболатов  ІІ, ІІІ орындарды бөлісті.

FB_IMG_1710944590305

Ал Жанарбек Қауыс асық атудың мергені танылды. Тұрғанбек Рахымғалиев ІІ, Асылан Амиров ІІІ орын алды. Ләңгі тебуден Жақсылық Базарбаев алдына жан салмады. Элдар Тұяққалиев пен Асыланбек Қарабалин үштікті тәмамдады.

Командалық есепте Төле би ауылы І орын, Майқы би ауылы ІІ, Қазыбек би ауылы ІІІ орындарды иеленді.

Анар Артықбай,

Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале