3.03.2021, 19:44
Оқылды: 93

Бөкей ордасы ауданының мәслихат депутаттары тұрғындармен кездесті

Аудандық мәслихат төрайымы Лариса Қайырғалиева мен аудандық мәслихат депутаты Бибігүл Жұмағұлова Мұратсай ауылдық округіне барып, сайлаушыларымен, ауыл азаматтарымен кездесіп, сайлауда білдірген сенімдері мен қолдаулары үшін алғыстарын білдірді.

20210303_194252

Мәслихат депутаттары А.Құсайынов атындағы мектепте алғыс айту күніне орай ұйымдастырылған апталық қорытындысына қатысты.

Дөңгелек үстел басында ауыл азаматтарына партияның аймақтық даму бағдарламасының жүзеге асыру жолдарынан түсінік берілді.

Қоғамдық қабылдау да өткізілді. Жұмыссыз азаматшалар уақытша болса да табыс көзі болатын қоғамдық жұмысқа алынатын адам санын арттырса деген ұсынысын айтса, Алматбек Жахатов сияқты азаматтар қосымша табыс табу мен жұмыссыздар үшін кәсіп бастау жолдарынан көмек сұрады. Ауыл азаматтарының қызығушылығын тудырған мәселенің бірі де біргейі кооператив құру, шаруашылықтарды біріктіру мәселесі болды.

Анар Артықбай,
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале