3.02.2021, 17:40
Оқылды: 89

Бөкей ордасында әкімшілік заңнама мәселелері талқыланды

Аудандық сотта «Сапалы нәтиже» жобасы аясында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының тапсырмасы бойынша редакциялық топ әзірлеген Әкімшілік құқықбұзушылық туралы істер бойынша қаулыларды жаңа форматта жасау және оларды түсіндіру бойынша ұсынымдарды талқылаған шара өтті.

ӘКІМШІЛІК ЗАҢНАМА МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАДЫ1

Онлайн шараға аудандық прокуратураның прокуроры Аңсар Хамзин, аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары, полиция майоры Жангелді Салауатов, аудандық полиция бөлімінің ӘПб бастығы, полиция аға лейтенанты Т.Артығалиев, аудандық полиция бөлімінің көші-қон полиция тобының аға инспекторы, полиция майоры Мақпал Беккалиева, аудандық полиция бөлімінің УПИ, полиция лейтенанты А.Мажитов қатысты.

Сот төрағасы Гүлжихан Сағитова баяндамасында аталған нұсқаулықта әкімшілік құқықбұзушылық туралы істер бойынша сот актілерін жаңа форматта дұрыс жасау бойынша бірқатар ұсыныстар барын, мемлекеттік тілдегі сот актілерінің сапасын жақсарту, оларды әзірлеуде жол берілетін кемшіліктерге назар аудару мақсатында жасалғандығын айтып, егжей-тегжейлі түсінік берді.

Сондай-ақ, шараға қатысушылар істерді объективті, жан-жақты және сапалы қарауға ықпал ететін әкімшілік құқықбұзушылық туралы заңнаманы қолдану бойынша бірқатар мәселелерді талқылады.

«Орда жұлдызы»

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале