2.03.2023, 10:00
Оқылды: 23

Бөкей ордасында Алғыс айту күніне орай мерекелік шара өтті

Бөкей ордасы ауданында 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай мерекелік шара өтті.

C00FB7CD-17D1-432C-988B-F256DC17AD4C

Шара барысында аудан әкімі Мейрамбек Аққалиев сөз алып, Иманбай Машутов, Исатай Беккалиев, Жасқайрат Сұлтанғалиев ағаларымыз бен Гүлжан Бисекенова анамызды «Бөкей ордасы ауданының қайта құрылғанына 50 жыл» мерекелік төсбелгісімен марапаттады.

Шарада халықтың сүйіспеншілігіне бөленген аға-апаларымыз да марапаттан кенде қалмады. Қайғырғанның қолтығынан демеп, қолдау көрсетіп, қуанғанның қуанышын бөлісіп, қасынан табылатын елгезек те, мейірімді Жігер Омаров ағамыз бен қашан да қайырымдылық көрсетуден қалыс қалмайтын, жұма сайын тегін нан үлестіріп, жақсылығын жария қылмай-ақ жасап жүретін Айсұлу Иманғалиева апамызға алғыс хат табысталды.

4AD8F86B-C69C-473C-A5A5-EBE7F9B46CD7

Айтулы күнде нәтижелі еңбек етіп жүрген мамандар да марапаттан құр қалмады.

Бөкей ордасы ауданының полиция бөлімі уақытша ұстау изоляторының бастығы Қажыбай Жанғалиев, аудандық мәдени-демалыс орталығында 21 жыл қызмет атқарған кіші қызметкер Айман Ерғалиева, аудандық пошта торабының қызметкері, байланыс операторы Ерлан Қошметов, «ҚазсуШар» РМКБҚФ Бөкей орда өндірістік учаскесінің қызметкері Бағдагүл Файзуллина, «Батыс Қазақстан аймақтық электр желілік компаниясы» ЖШС Электр энергиясын бақылау және есепке алу жөніндегі техник Ләззат Даулеталиева аудан әкімінің алғысхатына ие болды.

935B182C-81E4-4E70-BF67-E74403A336C8

Салтанатты жиында «Луч добра» словян халықтары қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Дмитрий Семилиди, «Нарын шуағы» Әйелдер кеңесінің төрайымы Гүлжан Бисекенова, ауданның құрметті азаматы, ардагерлер кеңесінің төрағасы Тілеген Арыстанбековтер де сөз алып, өз тілектерін білдірді. Шарада тамаша ән де айтылып, күмбір күйге де кезек берілді.

Анар Артықбай

Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале