Аналар клубы ардагерлерге құрмет көрсетті
23 Қазан 2021

Аналар клубы ардагерлерге құрмет көрсетті

Ақшаттық өнерпаздардың «Тәуелсіздікке тарту» атты концерті  өтті
23 Қазан 2021

Ақшаттық өнерпаздардың «Тәуелсіздікке тарту» атты концерті  өтті

Жәнібектегі жәрмеңке
23 Қазан 2021

Жәнібектегі жәрмеңке

Зенит зауытының 80 жылдығы аталып өтті
23 Қазан 2021

Зенит зауытының 80 жылдығы аталып өтті

ЖОО студенттерінің арасында дебат интеллектуалдық сайысы өтті
22 Қазан 2021

ЖОО студенттерінің арасында дебат интеллектуалдық сайысы өтті

Темірлан арнайы жүлде иегері атанды
22 Қазан 2021

Темірлан арнайы жүлде иегері атанды

Бөкей ордасында газетке арналған турнир өтті

Бөкей ордасына қарасты Ұялы ауылдық мәдениет үйінің ұжымы аудандық басылым «Орда жұлдызы» газетінің 90 жылдығына орай екінші мәрте шахматтан аймақтық турнир өткізді.

 газетке (2) (1)

Турнирге Орал қаласынан, Сайқын, Саралжын және Ұялы ауылдық округтерінен сегіз үміткер қатысты. Турнирдің ашылу салтанатында ауыл әкімі Ерлан Ермекқалиев:

- Ауыл тұрғындарының аудандық басылымға көзқарастары түзу. Жеке азаматтар да, мектеп ұжымы да кереғарлық танытпай, бірауыздан жазылады. Ауылымыздағы ең үлкен бірден бір ұжым Ш.Жексенбаев атындағы орта мектеп ұжымы бірден бір жылға тұтас жазылған. Бөкей жұртының жоғын түгендеп, жақсы ісін облыс, республика көлемінде сүйіншілеп отырған басылымға бірі кісідей жазылатын боламыз, - деді.

Ш.Жексенбаев атындағы орта мектебі директорының орынбасары Шынар Сабырова да осы пікірді қостап, мектептің мұғалімдері белсенді абонент болса, шәкірттерінің белсенді автор екенін айтып, ризашылығын білдірді.

Аудандық басылым редакторы Ұлпан Жакина ауыл әкімдігі мен мәдениет үйінің ұжымына жазылым науқанына елдің назарын аударып, арнайы шара өткізіп, демеуші тартып, үлкен қолдау көрсеткендері үшін алғысын білдірді. Демеушілік танытып, ауылдастарын аудан үнжариясына жазғызған Ақболат Меңдіғалиев пен Мейрамбек Мұхамжаровқа алғыс хаттар табыс етті.

газетке (1) (1)

Аймақтық турнир тартысты өтті.

- Майлықұл Баймұратов деген ағамыз кезінде шахматты мықты ойнап еді. Нан табары трактор болса да, шахматтың шаршы тақтасында ешкімге есе жібермеген керім ойыншы еді. Ауылдан алыс ұзамады. Ұлдары да әке көріп, оқ жонығандар. Жангелді, Есенгелді мен Жақсығұл шахмат десе ішер астарын жерге қоятындар. Жангелді осы ойын үшін Оралдан арнайы кеп отыр. Ғұбайдолла Тілешов ағамыз ауылымыздың бас гроссмейстері. Аға деп, үлкен деп бір-біріне жол бермесе, кім мықтыны анықтау қиын болады, - деген Сайлаубек Мұқтаровтың айтқаны айнымай келді. Өңкей мықтылар жиналған турнир жеті сағатқа жалғасты.

Бас жүлде Жангелді Жолдығалиевке бұйырса, Ғұбайдолла Тілешов ағамыз І орынды, Жақсығұл Баймұратов ІІ орынды еншіледі. Абзал Әбдешев пен Есенгелді Жолдығалиевтер ІІІ орынды бөлісті.

 

Анар Артықбай,

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале