24.02.2021, 15:04
Оқылды: 79

Бөкей ордасында көрме-байқау мәреге жетті

Бөкей ордасында «Ғылым әлемін ашамыз» тақырыбындағы аудандық қашықтық байқауы мәреге жетті. Оқушылардың жер және ғарышты зерттеуге қызығушылығын арттыру, жаратылыстану-математикалық, астрофизикалық, ғарыштық технология ғылымдары бағытындағы зерттеу жұмыстарын тарту мақсатында ұйымдастырылған байқау тартысты өтті. Оқушылардың ғарышты тануға деген құлшыныстары қуантты.

 ғылым — копия

Көрме-байқауға Б.Жәнекешев, М.Бегалиева, А.Құсайынов, Ш.Жексенбаев атындағы орта мектептер мен балалар техникалық шығармашылығы орталығы үйірмесінен жалпы жеті жоба қатыстырылды.

Төрешілер шешімімен «Ғарыштық техника және инфрақұрылым» секциясы бойынша құсайыновтық оқушы Нұрдәулет Ертайұлы (жетекшісі А.Аменов) жеңімпаз танылса, бегалиевалық шәкірт Ақжол Меңдібай (жетекшісі Т.Садыхов) II орын иеленді.

«Ғарыштық ақпараттық технологиялар және модельдеу» секциясы бойынша БТШО тәрбиеленушілері Ильяс Қалымжан мен Еркебұлан Нұрсайын (жетекшісі Д.Сахратов) I орынды жеңіп алса, II орын жексенбаевтық Мерейхан Мұқсинге (жетекшісі Ә.Сәрсенғалиев), III орын бегалиевалық Бекзат Қадырман мен Дильхан Ерсайыновқа (жетекшісі Т.Садыхов) бұйырды.

«Экология және ғарыштық қызмет» секциясыда жәнекешевтік Мадина Мейрамның (жетекшісі А.Құрақов) жұмысы жоғары бағаланса, бегалиевалық Келбет Сераждың (жетекшісі Т.Садыхов) еңбегі II орынға лайық деп танылды.

Жеңімпаздар аудандық білім беру бөлімінің дипломдарымен марапатталып, облыстық кезеңге жолдама алды.

 

Н.Мұстафин,

БТШО директорының орынбасары

Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале