20.06.2026, 9:00
Оқылды: 3

Бөкей ордасында медицина қызметкерлері марапатталды

Бөкей ордасы ауданы әкімдігінде Медицина қызметкерлері күніне орай салтанатты жиын өтті.

IMG-20260619-WA0074

Шара барысында аудан әкімі Нұрлыбек Даумов аудандық аурухана ұжымын кәсіби мерекелерімен құттықтап, денсаулық сақтау саласының дамуына үлес қосып жүрген бірқатар ақ халаттыны арнайы марапаттады. Көп жылғы еңбегі мен кәсіби біліктілігі үшін үздік шыққан қызметкерлердің қатарында еңбек өтілі 30 жылдан асатын аға мейіргер Нұргүл Шәріпқалиева ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің алғысхатына ие болса, жоғары санатты мейіргер Клара Ғұмарова БҚО әкімі Н. Төреғалиевтің алғысхатымен марапатталды.

IMG-20260619-WA0040 IMG-20260619-WA0059

Сонымен қатар терапевт-онколог Лаура Шамұратова, кадр жөніндегі инспектор Бибігүл Қазиева, бас есепші Гүлжанат Досқалиева, Орда дәрігерлік амбулаториясының мейіргері Айнаш Дүйсемалиева және жоғары санатты акушер Рая Каримова облыстық денсаулық сақтау басқармасының марапатына ие болды. Аудан әкімінің алғысхаты терапевт дәрігер Ағайша Хаироваға, акушер-гинеколог Күләнда Абдоловаға, Саралжын дәрігерлік амбулаториясының мейіргері Күлжайнат Молдағалиеваға, Шоңғай медициналық пунктінің кіші қызметкері Роза Ералиеваға, сондай-ақ Орда дәрігерлік амбулаториясының мейіргері Айнұр Саруоваға табысталды. Ал іс-шара соңында І санатты хирург Әлімжан Жұмағалиев пен зертханашы Раиса Құрманғалиева аудандық мәслихат төрағасы Л. Қайырғалиеваның алғысхатын алды. Сонымен бірге бірқатар медицина маманына аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық басшысы Медет Харесов пен аудандық аурухана директоры Айдар Сапаровтың алғысхаттары табыс етілді.

IMG-20260619-WA0066

Анар Артықбай,

Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале