4.06.2021, 15:13
Оқылды: 54

Бөкей ордасында Мемлекеттік рәміздер күні ұлықталды

Мемлекеттік рәміздерге деген құрметті арттырып, патриоттық сезімді күшейтуді мақсат еткен шара автошеруден бастау алды. Көк байрақты желбіреткен 20 автокөлік иесі Бөкей ордасы ауданы орталығының орталық көшелерімен жүріп өтті. Ұлттық рухты көтерген бұл шеруге түрлі сала өкілдерімен қатар жастар да зор құлшыныспен қатысты.

 IMG_0333 (1)

Орталық стадионда өткен салтанатты жиынға аудан әкімі Нұрлан Рахымжанов, аудандық мәслихат хатшысы Лариса Қайырғалиева, аудан әкімінің орынбасары Мейрамбек Аққалиев және т.б. қатысты.

IMG_0322

- Тәуелсіз еліміздің егемендігін айғақтайтын басты нышан – мемлекеттік рәміздеріміз. Сол себепті де бұл күн әр қазақстандық үшін ең қастерлі мереке болып табылады. Бейбітшілік пен ынтымақтастықтың  символына айналған көк Туымыз, Елтаңба мен Әнұранымызды ұлықтау – азаматтық парызымыз екенін ұмытпайық, - деп аудан басшысы ізгі лебізін арнап, құттықтады.

б1

Аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың басшысы Райымбек Құрманғазиев те аталмыш мерекенің мән-мағынасына үңіліп, ақжарма тілегін жеткізді

Мерекелік шаралар легі жеті команда бақ сынайтын футбол ойынына ұласты.

 

Арайлым Есмағұл,

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале