11.11.2020, 14:56
Оқылды: 34

Бөкей ордасында партия конференциясы өтті

Өткен сейсенбіде "Nur Otan" партиясы Бөкей ордасы аудандық филиалының XXIV конференциясы өткізілді. Конференция күн тәртібінде төрт мәселе қаралды.

партия

Таратып айтсақ, «Nur Otan»  партиясы БҚО Бөкей ордасы ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасын бекіту, пікірталастар қорытындысы бойынша кандидаттарға дауыс беру, «Nur Otan»  партиясы БҚО, Бөкей ордасы ауданы мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша партия тізімін бекіту, «Nur Otan»  партиясы облыстық филиалының XXVI конференциясына қатысатын делегаттар тізімін жасақтау мәселелері қаралды.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша "Nur Otan"  партиясы Бөкей ордасы аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Нұрлан Рахымжанов конференция делегаттарын "Nur Otan" партиясы аудандық филиалының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, бағдарламаны бекітті. Конференция барысында облыстық мәслихатқа үміткерлер арасында ашық пікірсайыс өтті. Пікірсайыстан соң конференция делегаттары екі үміткерге праймериз жүйесі арқылы өз дауыстарын берді. Басым дауысқа үміткер Исатай Ғабдоллин ие болды. Исатай Есетұлы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің партиялық тізіме пікірсайысқа қатысушы ретінде ұсынылды.

Сонымен қатар облыстық филиалдың кезектен тыс конференциясының делегаттарының тізімі анықталды.

Конференция қазіргі елдегі жағдайды ескере отырып, барлық санитарлық талаптарды, әлеуметтік қашықтықтарды сақтай отырып өткізілді.

 

Еркебұлан Рахметолла,

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале