17.09.2019, 12:25
Оқылды: 58

Бөкей ордасында сәлемдемені дрон тасып, сауда ақшасыз жасалмақ

Бөкей орда аудандық пошта торабы алдағы уақытта сәлемдемелерді дрон арқылы жеткізуді, AliExpress-тің жергілікті серіктестігі боп, сәлемдеменің жеткізілу мерзімін барынша қысқартуды, Бисен, Хан ордасы ауылдарында да табло арқылы кезекке қою қызметін жүзеге асыруды жоспарға алыпты. Бұл туралы қоғамдық кеңес отырысында аудандық «Қазпошта» торабының директоры Гүлнар Мұқанова баяндады.

IMG_0675

– Поштаның басты қызметі – басылымдарға жазылымды ұйымдастыру, оларды жеткізу, ақша аударымдарын жасау, зейнетақы, жәрдемақы беру, валютаны сату, сатып алу, теміржол, әуе компанияларының билеттерін сату сияқты қаржылық қызметтермен қатар, бірқатар банктердің агенті ретінде кредит рәсімдеу қызметін көрсетеміз.  Қазіргі «Нұр» дүкенінде эквайринг қызметін көрсетудеміз, алдағы уақытта бұл қатарға екі дүкен қосылмақшы. Яғни, қолма-қол төлемсіз сауда жасауды біртіндеп жүзеге асырып келеміз,-деді пошта басшысы.

Ұлпан ӘНУАРҚЫЗЫ,

Бөкей ордасы ауданы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале