18.06.2026, 16:00
Оқылды: 8

Бөкей ордасында шөп дайындау, инвестиция және баспасөзге жазылу мәселелері талқыланды

Бөкей ордасы ауданының әкімі Нұрлыбек Даумовтың төрағалығымен аппараттық жиын өтті. Жиын күн тәртібінде аудан тірлігіне қатысты бірнеше мәселе қаралды. Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Сүйінбек Хайруллиннің өзі екі бірдей мәселе бойынша сөз алды. 

IMG_20260616_122300

Алдымен мал азығының дайындалу барысынан хабардар етті. Оның айтуынша, биылғы қысқа 141 мың бас мал кірмекші. Мал ұстайтын 1373 аула мен 553 қыстаққа кем дегенде 220 мың тонна шөп жиналуы керек екен. Қазірдің өзінде 90 шаруа қожалық шалғынға шалғы түсіріпті. Алты қожалық жеке тұрғындарға шөп сатуды бастап кетіпті. Осы орайда аудан басшысы Нұрлыбек Даумов шөп шығымының жақсы екенін айтып, тиісті мекемелерге шөп бағасын аспандатпау керектігін, құнарлы шөпті шығынсыз жинап алу үшін дала өртінің алдын алуды, рейд ұйымдастырып, іс-шараларды қабылдауды тапсырды. Сонымен бірге Сүйінбек Хайруллин "Ауыл аманаты" бағдарламасының жүзеге асу барысынан да мәлімет беріп өтті.

IMG_20260616_121826

Ауданға бөлінген 267 млн 407 мың теңгенің 158 млн 172 мың теңгесін ғана игерген екенбіз. Дәл осы мәселені аудандар кескінін де қараған Нұрлыбек Даумов бағдарламаның жүзеге асу көрсеткіші көңіл көншітпейтінін айтып, жұмысты ширатуды тапсырды. Аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Нүркен Топасов биылғы бес айдағы инвестиция тарту жоспарының орындалу барысын баяндады. Қысқаша айтсақ, 12 млрд теңге инвестиция тарту жоспарланса, төрт айда соның 2,4 млрд теңгені құрайтын инвестиция тартылған екен. Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Исатай Құрмашев мерзімдік басылымдарға жазылу науқанының жүру барысынан хабардар етті. Жиынды қорытындылаған аудан әкімі хаттамалық тапсырмалар беріп, орындалу мерзімін де бекітті.

Ұлпан Әнуарқызы,

Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале