1.09.2020, 9:46
Оқылды: 85

Бөкей ордасында түлектер тарту-таралғы жасады

Бөкей ордасы ауданы Мұратсай ауылында балаларға арналған ойын алаңы ашылды. Балаларға ойын алаңын аталмыш ауылдағы А.Құсайынов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 2000 жылғы түлектері өз қаржыларына салып берді. Ойын алаңына миллионнан астам қаржы жұмсалған.

Ойын 1

Мұратсайлық ағайын тек қаржыларын салмай, қолөнер шеберлігін де танытып, ойын құрылғыларын өз қолдарымен тұрғызыпты. Соның ішінде Аслан Әменов, Мереке Дәулетов бастаған шеберқол жастар балаларға арнап, түрлі ойын құрылғыларын жасапты.

Ойын 2

Айтулы шарада «Nur Otan» партиясы Бөкей ордасы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мейрамбек Аққалиев, Бөкей ордасы аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Жоламан Сисенғалиев, Мұратсай ауылдық округінің әкімі Жалғас Ташуов, ата-аналар атынан Лунара Сансызбаева сөз сөйлеп, ауылдас өрендерге тамаша тарту жасаған түлектерге алғыстарын білдірді.

Ойын 3

Аталмыш нысанның лентасын қию рәсімі Мейрамбек Аққалиев пен түлектер атынан Аслан Әменов жүргізді.

«Nur Otan» партиясы Бөкей ордасы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мейрамбек Аққалиев аудан әкімі атынан түлектерге алғыс хат табыс етті.

 

Ертай Бимұханов,

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале