1991 жылғы түлектер тарту жасады
15 Қазан 2021

1991 жылғы түлектер тарту жасады

Pfizer екпесі ревакцинация кезінде қолжетімді бола ма?
15 Қазан 2021

Pfizer екпесі ревакцинация кезінде қолжетімді бола ма?

Бәйтеректе футзалдан ашық турнир өтті
15 Қазан 2021

Бәйтеректе футзалдан ашық турнир өтті

Өнер фестивалі өтті
15 Қазан 2021

Өнер фестивалі өтті

Шыңғырлау ауданында жастарды қолдауға арналған кеңес отырысы өтті
15 Қазан 2021

Шыңғырлау ауданында жастарды қолдауға арналған кеңес отырысы өтті

Тоқаев 2022 жылды ТМД халық шығармашылығы және мәдени мұра жылы деп жариялады
15 Қазан 2021

Тоқаев 2022 жылды ТМД халық шығармашылығы және мәдени мұра жылы деп жариялады

Бөкей ордасында ұстаз Саиданың саз кеші өтті

Аудандық саз мектебінің мұғалімі Саида Ажығалиева ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы, Бөкей хандығының 220 жылдығына орай өзінің ерекше тартуын арнады. Талай өнер аламанынан жүлдесіз қайтпаған шәкірттерімен бірлесіп, «Арнау» атты концертін көрермен назарына онлаин форматта ұсынды.

с1

Құрманғазы, Дәулеткерей, Динаның «Адай», «Балбырауын», «Саранжап», «Бұлбұл», «Ерке сылқым» сияқты тегеуірінді, рухты, сонымен бірге сыршыл лирикалық  күйлері орындады.

Ұстаз мәртебесін көтерген Ерасыл Есмах, Арсен Серіков, Нұрсат Сұлтанияр, Балайна Хамидолла және басқа да талантты жас күйшілер, «Қайсар» дуэті күмбір күйдің көрігін қыздырса, Мансұр Өтеғалиев тамаша әнімен шара шырайын айшықтады. Күйлер фортепианоның сүйемелдеуімен де орындалып, тамаша бір ырғақпен жеткізілді.

с2

- Бұл концерт біріншіден, менің киелі топырақтың түлегі ретіндегі туған еліме мерекелік тартуым болса, екіншіден, бес жылдық еңбегімнің нәтижесі.  Осы шара арқылы талапты да талантты ұрпақ барда қара домбыраны қасиет тұтқан қазағымның өнері өшпейтінін көрсеткім келді, - дейді.

с5

Концертті тамашалаған аудан басшысы Нұрлан Рахымжанов бұл концерттің тамаша бір рухани азық болғанын айтса, Нәсіп Нүркенова Саида Ғайноллақызына зейінді шәкіртінің қанатын қомдап, талабын  ұштаған ұстаздығы үшін аналық алғысын білдірсе, әріптесі Самал Рахымжанова «Жетістігің жалғасты болсын, абыройыңды шәкірттерің асқақтата берсін!» деп ізгі тілегін білдірді.

 

Анар Артықбай,

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале