9.03.2021, 16:45
Оқылды: 912

Бөкей ордасында жалғызбасты анаға баспана сыйға берілді

Мұратсай ауылындағы А.Құсайынов атындағы орта мектептің  2001 жылғы түлектері жалғызбасты ана Қаниса Мұсағалиеваға баспана сыйға тартты.

157302285_2484696488343445_8913924593094913895_n

Қайырымдылық – қайырлы іс. Балаларына әке орнына әке боп, тірліктің бар қиындығын қабырғасы қайыспай жалғыз өзі-ақ тындырып отырған Қаниса Мұсағалиеваның баспанаға мұқтаждығын естіп, сыныптастар болып осы шараны қолға алдық. Бұл біздің Аналар мейрамындағы сыйлығымыз, ел болып қолға алынған «Қайырымдылық істер марафоны» акциясына үн қосқанымыз болсын дедік. Осы шарадан қалыс қалмаған сыныптастарыма алғысымды білдіремін. Сауапқа жазсын. Үйдің жаңа қожайынына шаңырағыңыз құтты, бақ-берекелі болсын! - деді түлектер атынан сөз алған Бисенбек Насимоллин.

157090841_2484696368343457_5355593876698534073_n

Игі шараға арнайы барған аудан әкімінің орынбасары Мейрамбек Аққалиев барша қатысушыларды көктем мерекесімен құттықтап, қайырымдылық шарасының басы-қасында жүрген түлектерге аудан басшысы Нұрлан Рахымжановтың атынан алғыс хат табыстады.

Ауыл әкімі Мейрамбек Ғилманов және А.Құсайынов атындағы орта мектебінің директоры Асылбек Нұралиев баспаналы болған Қаниса Мұсағалиеваға заттай сыйлықтар тарту етті.

156889397_2484696598343434_4367524952073423046_n

Ауыл ақсақалы Каспи Жақатов, зейнеткер ұстаз Мәстура Қабиева және 2001 жылғы мектеп түлектерінің сынып жетекшісі Света Хасенова ауыл мерейін асырып, ұйымшылдық танытқан түлектерге алғыстарын жеткізді.

Мұратсайлық түлектердің қайырымдылық шарасы тек мұнымен шектелмек емес. Өткен жылы түлектер Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай тағзым тұғырын орнатты.

 

Темхар Рахметолла,

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале