29.10.2020, 10:40
Оқылды: 88

Бөкей ордасында жол құрылысы қарқын алды

Сайқын ауылы көшелерінің күрделі жөндеу жұмыстары жалғасуда. Осы күнге дейін ауыл орталығында жол салу ісінің бастапқы кезеңдері жүзеге асырылса, бүгінгі күні асфальт төсемдері төселуде.

2CC60054-35E1-4BA3-899B-023AE0C4456E

-Қазіргі таңда аудан орталығындағы үш көшеміз асфальт төсеу жұмыстарына толықтай дайын. Бүгінде Бисен Жәнекешов атындағы көшеге асфальт төселуде. Биыл Сайқын ауылының 12 көшесіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп, асфальт төсеу көзделген еді. Дегенмен асфальт зауытын іске қосудағы қиындықтарға байланысты жұмыс кестесінен кешігіп қалып отырмыз. Алайда  -5 градусқа дейін жұмыс істеуге мүмкіндігіміз бар. Ауа райының қолайлылығын пайдаланып жұмыс қарқынын арттырмасақ, саябырсытпаймыз, - дейді «АқтөбеЖарық» ЖШС-ның уәкілі, учаске басшысы Қанат Сәметеев.

Естеріңізге сала кетсек, ауылішілік көшелердің күрделі жөндеу жұмыстарына республикалық бюджеттен 1 324 436 000 теңге қаражат қарастырылған.

Темхар Рахметолла,

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале