3.02.2024, 15:30
Оқылды: 63

Бөкейде білектілер күш сынасуда

Бөкей ордасында қол күресінен 2009-2011,  2012-2014 жылы туған жасөспірімдер және 40 жастан жоғары ардагерлер арасында қол күресінен облыстық чемпионат басталды.

IMG-20240203-WA0022

Бұл ауқымды додаға Орал, Ақжайық, Қаратөбе, Жаңақала, Бәйтерек, Сырым, Казталов, Жәнібек, Теректі және бөкейлік спортшылар қатысуда.

IMG-20240203-WA0036

— Тұңғыштар мекенінде ұйымдастырылған спорт додасына  қош келдіңіздер. Дені сау ұлт қалыптастыру және бұқаралық спортты дамыту мақсатында аудан көлемінде көптеген іс-шаралар жүзеге асуда. 2022 жылы Сайқын ауылында  спорт кешені бой көтеріп, ауылдық округтерде  спорт алаңдары ашылды. Алдағы уақытта да бұл бағыттағы жобалар жалғасын табады. Спортты серік еткен ауылдастарымыздың қатары арта бергей, - деп облыстық гір спорты және қол күресі федерациясының  президенті Мұрат Ибатовқа аудан әкімінің атынан алғысхат табыс етті.

IMG-20240203-WA0026

Облыстық гір спорты және қол күресі федерациясының президенті  Мұрат Ибатов та сөз сөйледі:

—Бүгінгі жарыста жастар да,  ересектер де сынға түседі. Ептілер мен білектілер сайысына кілең мықтылар жиналды деген ойдамын. Осынау шараны ұйымдастырған аудан әкімдігіне, спорт мектебінің ұжымына алғыс айтамын, - деп федерацияның атынан  алғысхат табыстады.

IMG-20240203-WA0049

Жарыс үш күнге созылады.

Арайлым Есмағұлова,

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале