3.04.2024, 19:00
Оқылды: 64

Бөкейде қайырымдылық жәрмеңкесі өтті

Облысымыздың төрт ауданы мен Орал қаласында төтенше жағдай жарияланғаны баршамызға мәлім. Су тасқыны өңір жұртшылығын әбігерге салып, соның салдарынан тұрғындардың үй-жайы мен қора-қопсысы, мал жанына үлкен қауіп төніп, қаншама шығын әкелді. Осыған байланысты қиын жағдайға тап болған қандастарымызға жәрдемдесу мақсатында аудандық білім беру бөлімі мен аудандық «Нарын шуағы» әйелдер қоғамдық бірлестігінің, жергілікті аналар кеңесінің ұйымдастыруымен су апатынан зардап шеккен халыққа көмектесу мақсатында Бөкей ордасы ауданы орталығында «Дәмді жәрмеңке» атты қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.

3e2fa7bb-73be-4934-a0b3-c9efd20501ca

Аудан көлемінде ұйымдастырылған жәрмеңкеге аудандық білім беру ошағының ұжымдары бір кісідей белсенді қатысты. Балабақтың тәрбиешілерінен бастап, мектеп, колледж, қосымша білім беру мекемелерінің ұжымы өз қолдарынан пісірген түрлі тәттілер мен ұн өнімдерінен жасалған дәмді тағамдарды сөреге қойды.

6c7d9298-8d82-4dc9-afb8-70942530d398

Жәрмеңкеде алғаш сөз алған аудандық мәслихат төрағасы Лариса Қайырғалиева:

– Біздің жерлестеріміз су тасқынының зардабынан қиындықтар кешуде. Мемлекет тарабынан көмек көрсетіліп, қомақты қаржы да қара ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ стырылуда. Көптікпен бітетін үлкен істе қарап қалмайық деп, бүгінгідей шараны қолға алып жатыр екенбіз. Баршаңызға алғыс білдіремін. Жәрмеңкеден түскен қаржы тиісті қорларға аударылады. Аз да болса біздің үлесіміз болып есептелмек. Күшіміз бірлікте. Әрдайым бірлесіп, қиындыққа тап болған жерлестерімізге қол ұшын созайық. Жарқын күндеріміз көп болып, қиындықтар артта қалсын! – деген ізгі лебізін білдірді.

053c72c2-ce42-48d1-8daf-9d163fca0c4e

Содан соң Бөкей ордасы ауданының құрметті азаматы, еңбек ардагері, қоғам белсендісі Гүлжиян Бисекенова да жәрмеңкеге қатысушыларға алғысын білдірді.

Дәл осындай «Дәмді жәрмеңке» барлық округте де жалғасын тапты.

Ақсәуле Әлжан,

Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале