2.03.2024, 0:00
Оқылды: 57

Бөкейлік ардагерлерді құттықтады

Наурыздың алғашқы күнінде Бөкей ордасы ауданы әкімі Нұрлыбек Даумов пен аудандық мәслихат төрағасы Лариса Қайырғалиева  ұзақ жыл ауданның әлеуметтік экономикалық дамуы мен қоғамдық өміріне белсенді атсалысқан, қазіргі таңда зейнет жасындағы ардагерлерді Алғыс айту күнімен құттықтады. Айта кетсек, Болат Лұқпанов, Бақыт Ғайнуллина, Ерболат Таңатовтың шаңырағына арнайы барып, айтулы мерекеге орай ізгі лебіздерін білдірді.

1222

- Алғыс айту мейрамы қазақстандықтардың бір-біріне деген құрметін көрсетіп, ризашылығын білдіретін, бірлік-берекеге шақыратын мемлекетіміздегі ең жарқын мерекеге айналды. Мыңжылдықтар жылнамасында қазақ елін аман сақтап, тарихтың ақтаңдақтарында мемлекетіміздің іргесінің сөгілмеуі, Тәуелсіздіктің туының тіктелеуі осы ынтымақ пен бірлігіміз, бір-бірімізге деген сеніміміз бен тілектестігіміздің арқасы. Бүгінгі айтулы күнді пайдалана отырып, ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына өзіндік үлесін қосып, ел үшін қызмет еткен Сіздерге риясыз алғысымды білдіремін, - деп, аудан басшысы әдемі тілегін жеткізді.

12223

121

Ақсәуле Әлжанова,

Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале