2.02.2021, 9:23
Оқылды: 34

Бөкейлік өнерпаздар додада топ жарды

Өткен жылды нәтижелі қорытындылаған Бөкей ордасы аудандық саз мектебі сиыр жылын да сан түрлі жүлдемен бастады. Күні кеше Алматы қаласында онлайн форматта өткен «Ұлы дала ұрпағымыз» атты халықаралық байқауына қатысқан бөкейлік өнерлі өрендер жүлделі орыннан көрінді.

додада топ жарды1

Атап айтқанда, Саида Ажғалиеваның шәкірті Айбек Менеш «Құттықтаймын, мама!» шығармасымен бас жүлде алды. Бұл Айбектің өнер жолындағы алғашқы жеңісі. Саиданың аталмыш өнер додасына қатысқан басқа шәкірттері де жүлдесіз қалмады. Еліміздің әр түкпірінен қатысқан жетпістен астам өнерпаз арасынан өнерімен ерекшеленді. Қазанғаптың «Шыны аяқ тастар» шығармасын орындаған «Арлан» триосы, «Талас» күйін тартымды орындаған Сабрина Мұқанова, вокал жанры бойынша «Көк аспан» əнін шырқаған Мансұр Өтеғалиев І дәрежелі лауреат атанса, Соқыр Есжанның күйін орындаған Махаббат Төлегенова, Қазанғаптың «Құс қайтаруын» күмбірлеткен Балайна Хамидолла мен «Құттықтаймын, мама!» шығармасын орындаған Темірлан Батыров ІІ дәрежелі лауреат атанды.

Осындай үздік орындаушыларды шыңдаған Саида Ғайноллақызы «Үздік жетекші» танылып, марапатқа ие болды.

 

Анар Артықбай,

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале