Бөрлілік үздіктер марапатталды
25 Қыркүйек 2021

Бөрлілік үздіктер марапатталды

Бөрліде «Шеберлер қалашығы» этно-мәдени ұлттық шарасы өтті
25 Қыркүйек 2021

Бөрліде «Шеберлер қалашығы» этно-мәдени ұлттық шарасы өтті

Бөрлілік отбасылар марапатталды
25 Қыркүйек 2021

Бөрлілік отбасылар марапатталды

Теректі ауданында туристік жарыс өтті
25 Қыркүйек 2021

Теректі ауданында туристік жарыс өтті

«Түлкі аулау» спорттық радиопеленгациясы өз мәресіне жетті
25 Қыркүйек 2021

«Түлкі аулау» спорттық радиопеленгациясы өз мәресіне жетті

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Шаруалар өз өнімдерін егін басынан сатуға мәжбүр»
25 Қыркүйек 2021

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Шаруалар өз өнімдерін егін басынан сатуға мәжбүр»

Соңғы жаңалықтар
Бөкейлік ұстаз шәкіртіне тосын сый жасады

Бөкей ордасы аудандық саз мектебінің мұғалімі Самал Рахымжанова шәкіртіне тосын сый жасады.

2CE2D15F-1DBB-4C42-9CE8-EAE229FAFD70

 

– Қызым Аянат апайының қоныс аударатынына қиналып жүрген еді. Тек Аянат қана емес, Самал Ғалымқызының басқа шәкірттерді де осындай қимастық сезімде деп ойлаймын. Қызым екінші сыныптан бастап, бес жыл Самал апайынан сабақ алды. Аянаттың музыкаға қызығушылығын оятқан кенже ағасы Алмастың туған күнге сыйлаған ойыншық "Ямахасы" еді. Саз мектебінің мұғалімі Гүлжайнар мектепке оқушылар жинап жатқанын айтыпты. Қызым бірден пианиноға, Самал Ғалымқызына жазылды. Бірінші жыл-ақ облыстық байқаудан жүлде алды. Кейін республикалық, халықаралық байқаулардың жүлде алды. Бүгін Самал апайымыз келіп, өзінің пианиносын Аянатқа сыйлап кетті. Бұл – бағасын білгенге қымбат сыйлық. Ортанқол синтезатордың өзі 200-250 мың теңгеден кем емес. Ғалымқызының бұл тартуы шынымен де тосын сый болды. Қызымның қуанышында шек жоқ. Апайымыз қоныс аударып кетіп барады. Қимаймыз. Қызымыздың осындай ғажап ұстаздың алдын көргеніне қуаныштымыз, - дейді Аянаттың анасы Гүлайым Мәдиева.

– Самал Ғалымқызына ризашылығымызды білдіреміз. "Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, шанамен де мектепке әкеп, Аянатты сабақтан қалдырмай, талабын ұштадыңыз. Алда да осы қамқорлық, қолдауыңызды аямаңыз" деп бізге ризашылығын білдіріп жатыр. Самал Ғалымқызы мықты ұстаз ғой. Шәкірттерін үйіне де шақырып, дайындықтарын пысықтайтын. Баланың аты бала ғой, аудан басшысының үйі екенін білмейді. Кәдімгі бір ағайынның үйінде жүргендей еркін жүретін. Қалаға барғанда да шәкірттерімен бірге 8-10 сағаттап жолда жүреді. Басқа біреу болса, беделін пайдаланып, люкс жағдайда қалаға шәкірттерінен бұрын барып, өзінің жағдайын күйттер еді. Ұстаздың бәрі осындай болса ғой, - дейді Аянаттың әкесі Шынболат.

Естеріңізге сала кетсек, Самал Рахымжанованың ордалықтарға тартуы тек мұнымен шектелмейді. Сөзін Мәлік Бердіәлі жазған "Ордаға арнау" деген әнін де арнаған еді.

 

Ұлпан Әнуарқызы,

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz