13.11.2020, 19:26
Оқылды: 110

Бөкейліктер ақынын ардақтады

Бүгін Бөкей ордасы ауданында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі, ақын, аудармашы Қайрат Жұмағалиевтің ескерткіш-бюсті  ашылды. Бұл салтанатты шараға ақынның қызы Бекзат Байбурина, жиені Дияр Байбурин, қарындастары Мәнсия Хайрушева, Толғанай Еслямғалиевалар да Орал қаласынан арнайы келіп, қатысты.

6F745F2B-5115-4C8E-95DA-93FE10B752EE

Тарихи Бөкей ордасының, Жиекқұм ауылдық кеңесінің, Бесқұдық деген жерінде дүние есігін ашқан жыр шайыры Капустин Яр сынақ полигоны ашылған тұста Оңтүстік Қазақстанға көшіріліп, сол жақта мектебін тәмамдайды. Кейін Алматы қаласына оқуға түсіп, қызметтік жолы да осы жерде өрбиді. Туған жеріне 2009 жылы оралады. 2013 жылдан өмірінің соңына дейін "Жайық Пресс" ЖШС-де директордың кеңесшісі лауазымын атқарды. Отызға жуық кітап жазған қаламгер Гомердің "Илиада",  "Еврипидтің "Медея" сынды т. б. әлемнің әдеби жаухарларын қазақшаға тәржімалаған шебер аудармашы.

0D8BA296-5648-4F45-9BBE-734CA3088F39

Аудан әкімі Нұрлан Рахымжанов "Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды" деп аяулы аналарға жырмен ескерткіш тұрғызған өр ақынын елі ұлықтап, қадірлеп өтері сөзсіз. Әдебиет айдынында шоқтығы биік жерлесімізді Бөкей жұрты әманда мақтан тұтады" деп жылы сөздерін арнады.

Өз кезегінде ақынның қызы Бекзат Байбурина да әкесі туралы естелігімен бөлісіп, перзенттік алғысын жеткізді.

C13CFB13-C835-488A-98A2-A5D79C77FB3C

Аталмыш рәсімнен соң "Туған өлкем" атты онлайн байқаудың  гала концерті өткізіліп, бірнеше жанр бойынша жүлдегерлері марапатталды. Сондай-ақ аудан басшысы Нұрлан Рахымжанов меймандарға қазақы дәстүрге сай камзол кигізіп, жиені Диярға домбыраны сыйға тартты.

Арайлым Есмағұл,

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале