10.04.2024, 21:35
Оқылды: 25

Бөкейліктер де көмек көрсетіп жатыр

Өңіріміздегі табиғи апаттан орын алған жағдайға байланысты аудан әкімі Нұрлыбек Даумовтың бастамасымен Бөкей ордасы ауданы атынан еріктілер тобы тасқын судан зардап шеккендерге көмектесу үшін жолға шықты. Жиырмадан астам бөкейлік еріктілер қарғын судан қираған орындарда, су басу қаупі бар аймақтарда жұмысқа да кірісіп кетті.

IMG-20240410-WA0089

Бұған дейін де айтқанымыздай, бөкейліктер жәрмеңке, мәдени шаралар өткізіп, түскен қаржыны «Ақжайық» қорына аударуда. Сондай-ақ барлық мекеме қызметкерлері де тасқын кесірінен бар жиған-тергенінен айырылып, уақытша эвакуациялық пункттерді паналаған отандастарына қаржы аударуда. Күні кеше Бөкей ордасы колледжінің ұжымы бір үйдің баласындай боп, бір күндік қаржыларын қорға аударған.

IMG-20240409-WA0146
Ал аудандық мәслихат депутаты Қайрат Насимоллин бастамашы боп, өзіне тиесілі автокөлігін беріп, ұлымен бірге қарауында жұмыс жасайтын жігіттерін тасқын орын алған аймақта жұмыс жасауға жіберсе, ауданымыздың кәсіпкерлері Бөкей елінен аттанған көліктерге азық-түлік, гигиеналық бұйымдарға толтырып жіберді.

Анар Артықбай,
Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале