15.01.2021, 17:18
Оқылды: 39

Бөкейордалық Аянат – экодефиле жеңімпазы

Облыстық экологиялық-биологиялық орталықтың ұйымдастыруымен «Құйрықты сәнқойлар» атты экодефиле өтті. Облыс мектептерінің оқушылары қатысқан бұл байқауда М.Бабажанов атындағы мектептің оқушысы Аянат Шынболатқызы топ жарып, І орын алды.

Аянат1

Қысқы демалыста да қарап жатпай, пән мұғалімі Нұргүл Елеусіновамен бірге онлайн байқауға қатыстым. Қуыршақтарға әдемілеп көйлек тігіп, сәндедім. Дәл сондай ғып, мысыққа да киім тігіп, мияуымызға фотосессия ұйымдастырдық. Бейнежазба дайындап, салып жіберген едік. Шынын айтсам, І орын аламын деген үмітім аздау болды. Нәтижесін естіп қуанып қалдым, - дейді Аянат Шынболатқызы.

 

Анар Артықбай,

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале