2.03.2018, 10:56
Оқылды: 49

Бөкейордалықтар алғыс айту күнін атап өтті

Бөкей Ордасы ауданында алғыс айту күніне орай дөңгелек үстел өтті.

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Тілеген Арыстанбеков  жиналғандарды құттықтап, дендеріне саулық, еңбектеріне табыс тіледі. Алғыс айту күні Қазақстан халқының ынтымағы мен бірлігін арттыратын аса зор маңызға ие екенін де атап өтті. Ұйымға жаңадан қабылданғандарға партиялық билеттерін берді.

«Үздік бастауыш партия ұйымы» республикалық байқауының облыстық кезеңіне белсене қатысқандары үшін «Т.Жароков» пен «Батыс» бастауыш пария ұйымдары жетекшілеріне Диплом табыстады. «Нарын шуағы» әйелдер қоғамдық бірлестігінің төрайымы Гүлжан Бисекенова,  аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Иманбай Машотов, аудандық ауруханадағы партия ұйымы жетекшісі Айгүл Әжіғалиева нұротандықтардың Елбасы саясатын бұқарға насихаттаудағы іскерліктеріне тоқталып, әріптестеріне ризашылықтарын білдірді.

Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың басшысы Исатай Құрмашев әлеуметтік желіде жарияланған «Үлгілі отбасы – мемлекеттің тірегі» фотобайқауында ордалық Мират Қоржынбаевтың, сайқындық Серік Әбіловтің, ордалық Мэлс Үшеновтың жанұялары тиісінше І, ІІ, ІІІ орындарды иеленгенін жариялап, Диплом мен сый-сияпат тарту етті.

Шара соңы аудан өнерпаздарының концертіне жалғасты.

Айша ҚҰРМАШ

Бөкей Ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале