29.11.2019, 22:06
Оқылды: 97

Бөкейордалықтарды қабылдады

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департамант басшысының бірінші орынбасары Нұрдәулет Сәмет ауыл тұрғындарын жеке мәселе бойынша қабылдады.

IMG_2957

Қабылдауға келген ауылдастарымыз сыбайлас жемқорлық мәселесімен емес, жеке басына қатысты жұмыс пен баспана мәселесімен жолықты.

- Хан ордалық Тарас Ибрашевке кезінде қарызға мал беріп едік. Енді бірнеше жыл өтті Ибрашевтің қарызды қайтаратын ойы жоқ. Соттың көмегіне де жүгіндік. Медиатор арқылы мәселе шешілгендей болып, қарызын өтейтін боп шешілген еді. Бірақ күні бүгінге дейін бір теңгемді де қайтармады. Не істесем болады? –деген сұрақпен Майра Шакирова жүгінді.
- Бұл сұрақпен сізге тек аудандық сот көмектесе алады. Қайтадан арыз беріп, медиатор көмегінен бас тартыңыз. Сол сот шешімі бойынша және сот орындаушысы арқылы қарызыңызды қайтара аласыз, - деп кеңес берді Нұрдәулет Самет.

Еркебұлан Бисенғалиев

Бөкей орда ауданы

 zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале