26.08.2021, 11:55
Оқылды: 39

Болашақ ауылына «Beeline» байланысы орнатылды

Бәйтерек ауданы Переметный ауылдық округіне қарасты Болашақ елді мекенінде жоғары жылдамдықты интернетке қосылу мүмкіндігі пайда болды. Енді ауыл тұрғындарына «Beeline» мобильді операторы қызмет көрсететін болады. Еліміздің жетекші мобильді операторы желіні кеңейту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізуде және Қазақстанның халқы саны 250 адамнан асатын шағын ауылдарын желіге қосты.

000

Болашақ ауылы аудан орталығынан 13 шақырым жерде орналасқан. 300-ден астам тұрғыны бар ауылда байланыс желісі күні бүгінге дейін болмаған. Жуырда аудан әкімінің қолдауымен ауылда 3G байланысы орнатылды. Бұл ауыл тұрғындарына интернетке қолжетімділікті үздіксіз және жоғары жылдамдықта пайдалануға мүмкіндік береді.

- Елді-мекендегі байланыс мәселесі біраздан бері талқыланып келді. Пандемия кезінде интернет желісінің болмауы салдарынан оқушыларға қашықтан білім алу қиынға соққан болатын. Енді "Beeline" брендімен қызмет көрсететін қазақстандық телекоммуникациялық «КаР-Тел» ЖШС-нің көмегімен керекті қаражат бөлініп, ауылға байланыс орнатылды. Енді Болашақтағы мобильді байланысты пайдалана алады, - дейді Переметный ауылдық округінің әкімі Рафик Кадыров.

 

Аружан Аманжол,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале