16.08.2023, 23:24
Оқылды: 15

Болашақ – жастардың қолында

Бүгін аудандық мәдени-демалыс орталығында аудан әкімі Алпамыс Көшкінбаев ауданның жалынды жастарымен кездесу өткізді.

image-16-08-23-08-54

12 тамыз - Халықаралық жастар күніне орай Орал қаласында облыстық «Жайық Жастары» фестивалі өткен болатын. Нәтижесінде аудан жастары бас жүлдені жеңіп алды. Жиында Алпамыс Жаңабайұлы сөз алып, жастарды абыройлы жеңісімен құттықтап, өз алғысын жеткізді.

image-16-08-23-08-54-4

Кеш барысында жарысқа қатысқан жастар аудан әкімінің алғысхатымен марапатталды.

Сонымен қатар, аудан басшысы жастардың тарапынан қандай да бір жаңа ұсыныстар болса тыңдап, қолдауға дайын екендігін айтты.

image-16-08-23-08-54-1

Аталмыш кеш сұрақ-жауап форматында жалғасып, жиынға қатысушы жастар өз ойларын ортаға салып, ұсыныстарын айтты.

image-16-08-23-08-54-2

Жарыс нәтижесі бойынша жастар ұтып алған 500 мың теңгені қайырымдылық қорына жұмсауға ұсыныстар түсті. Аудан әкімі А.Жаңабайұлы мен аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың басшысы Дәурен Мерешов бұл ұсынысты қолдайтындарын айттып шараны тамамдады.

image-16-08-23-08-54-5

image-16-08-23-08-54-3

image-16-08-23-08-54-6

Жанна Миха,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz  

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале