23.11.2021, 11:10
Оқылды: 73

Болашаққа үміт сыйлаған форум

22 қараша күні Казталов ауданында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай «Жетістікке жетелеген Тәуелсіздік» атты аудандық жастар форумы өтті.

WhatsApp Image 2021-11-23 at 10.14.03 (6)

Форумға Казталов ауданының әкімі Альберт Есалиев, аудан әкімінің орынбасары, дербес бөлім басшылары, ауданымыздың белсенді жастары қатысты. Ал, жас кәсіпкер, «Ustady» жобасының және «Business Power» жобасының негізін қалаушы Айнаш Бижанова, «Aqjaiyq» телеарнасының тақырыптық хабарлар бөлімінің редакторы Тұрар Кенжеғалиев, БҚО Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы директорының орынбасары Аңсар Ибраев, Казталов аудандық мәслихатының депутаты, «Ер Қанат» шаруа қожалығының жетекшісі Қуаныш Ермеков форумның арнайы қонақтары болды.

WhatsApp Image 2021-11-23 at 10.14.03

Форумның ашылу салтанатында аудан әкімі Альберт Есалиев Тәуелсіздік ұғымына тоқталып, аудан жастарын мерейлі мерекемен құттықтай отырып, жылы лебізін білдірді. Сондай-ақ өз сөзінде аудан әкімі Казталов ауданының Тәуелсіздік жылдарындағы жарқын белестерін атап өтті. Кеш қонақтары жастарға өздерінің өмірінен жарқын сәттерін баяндап, қоғамдық тақырыптарда ойларымен бөлісіп, еркін форматта сұхбат берді.

WhatsApp Image 2021-11-23 at 10.14.03 (1)

WhatsApp Image 2021-11-23 at 10.14.03 (2)

WhatsApp Image 2021-11-23 at 10.14.03 (3)

WhatsApp Image 2021-11-23 at 10.14.03 (4)

Аудан белсенділері облыста өзіндік орны бар қонақтарға өздерінің көкейкесті сауалдарын жолдап, мардымды жауап алып қана емес, болашаққа үміт сыйлар мотивация алды.

WhatsApp Image 2021-11-23 at 10.14.03 (5)

Еліміздің өткені мен бүгініне көз жүгірткен қонақтар жастарға ақыл-кеңесін беріп, форум арқылы ұсыныстарын жеткізді. Қонақтармен сырлы сұхбаттан соң Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойына орай 30 түрлі сыйлық қамтылған лоторея ойыны ойнатылды. Сонымен қатар, форум қонақтары мен қатысушылар Тәуелсіздік бәйтерегіне «Тәуелсіздік маған не сыйлады?» тақырыбында өз ойларын ортаға салды.

Асылбек Нәсіпқали,

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале