26.09.2023, 15:30
Оқылды: 34

Болашақтың жаңа әкімі кім?

Бүгін Казталов ауданының Болашақ ауылдық округінің әкімі тағайындалды. Жаңа әкімді аудан әкімі Асланбек Сарқұлов округ активіне таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі. Ал аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Жүсіп Шакуов округ әкіміне куәлігін табыс етті.

20230926063724_IMG_8232

Артур Берденов Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Болашақ ауылдық округі сайланған әкімін тіркеу туралы Казталов аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 25 қыркүйектегі шешіміне сәйкес Болашақ ауылдық округінің әкімі лауазымына тағайындалды.

20230926063710_IMG_8227

Артур Амантайұлы 1980 жылдың 29 қарашада Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданының Қоныс ауылында дүниеге келген.

Білімі жоғары.

2001 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «агроном» және 2010 жылы Еуразия академиясын «заңгер» мамандықтары бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2002 жылдан 2005 жылға дейін «Серікті қала» шаруа қожалығының ағаш шебері және «Интергазстрой» ЖШС-нің ағаш шебері-бетонщик болып бастады.
2005-2008 жылдары Казталов ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы;
2008-2012 жылдары Казталов ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы;
2012 жылдың маусым айынан қараша айына дейін Казталов ауданы әкімі аппаратының бас маманы;
2012-2015 жылдары Казталов ауданы маслихат аппаратының басшысы;
2015-2017 жылдары Казталов ауданы әкімі аппаратының басшысы;
2017-2020 жылдары Казталов аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының директоры;
2020-2021 жылдары Талдыапан ауылдық округінің әкімі;
2021-2023 жылдары Казталов ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы;
2023 жылдың шілде айынан бастап күні бүгінге дейін Казталов аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы қызметін атқарып келді.

Асылбек Нәсіпқалиұлы,
Казталов ауданы
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале