1.03.2023, 16:45
Оқылды: 47

Болат Ерболатов: «Ауылымыздың меценатына мың алғыс!»

Раздольный – аудандағы ең таза ауылдардың бірі. Оған ауылымыздағы «Достық» шаруа қожалығы көп үлесін қосуда.

2E32E59B-592E-4C64-B1BA-34FF39CCBA9C

Аталмыш қожалықтың басшысы, ауылымыздың қамқоршысы, демеуші Владимир Шевчуктің ұйымдастыруымен «достықтықтар» округтегі 171 аула мен жеке шаруашылықтарынан шыққан органикалық қалдықтарды жыл сайын өздері жинап, техникаларға тиеп, қожалықтың егін алқабына тасылмалдайды. Оған тұрғындар ештеңе төлемейді. Сөйтіп органикалық қалдықтарға тыңайтылған жерлерден өнім молырақ шығады.

D6C46736-0345-4DA0-BF34-21C01E16AFD2

«Елде болса, ерінге тиеді» демекші, сол егіннен түскен қаржыны «Достық» ШҚ елдің игілігіне жұмсауда. Яғни аталмыш шаруашылықтың қаражатына Раздольныйға кіреберіс және ауылішкілік жолдардың жобалық-сметалық құжаттамары дайындалды, ауылдағы медициналық пункт күрделі жөндеуден өтті, орталық көшеге өрнектас төселді т.б. көптеген ізгі істер істелдіЖалпы Владимир Васильевич округтегі барлық іс-шараға атсалысады.

2FED67CE-0267-443B-A88C-A04DCF342B3A

Соған орай бүгін, яғни Алғыс айту күніне байланысты «Достық» шаруа қожалығының кеңсесіне арнайы барып, игілікті істері үшін Владимир Шевчукке ауыл тұрғындары атынан алғыс білдірдім.

Болат Ерболатов

Раздольный ауылдық округінің әкімі,

Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале