1.11.2023, 17:00
Оқылды: 34

Бөлімге жаңа басшы тағайындалды

 

Бүгін Жаңақала аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөліміне жаңа басшы тағайындалды.

PHOTO-2023-11-01-15-44-54

Бөлім басышсы болып Ақнұрлы Еслямғалиева тағайындалды.

Ақнұрлы Нұрғалиқызы Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы Жаңақала ауылында 1979 жылы 9 қыркүйекте дүниеге келген.

Білімі жоғары.

Мамандығы: кітапханатану және библиография.

Еңбек жолын 2000-2001 жылдары Жаңақала мектебінде тәлімгер қызметінен бастаған.

2001-2005 жылдары БҚО Жаңақала аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің кітапханашысы;

2005-2006 жылдары Жаңақала аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі оқырман қамту бөлімінің меңгерушісі;

2006-2010 жылдары Жаңақала аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің әдістемешісі;

2010-2011 жылдары Жаңақала аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры;

2011-2019 жылдары Жаңақала аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы;

2019 жылдан бүгінге дейін  Жаңақала ауданы әкімінің орынбасары лауазымын атқарды.

.

Айзада Ақбасова,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале