21.07.2026, 17:15
Оқылды: 55

Бөрлі аудандық қоғамдық кеңесі маңызды мәселелерді талқылады

Бүгін Бөрлі ауданы әкімдігінде Бөрлі аудандық қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Аудан әкімінің орынбасары Алтай Тоқжанов бастаған жиынға, қоғамдық кеңес мүшелері, ауылдық округ әкімдері, бөлім басшылары мен жауапты мекеме өкілдері қатысты.

WhatsApp Image 2026-07-21 at 17.54.06 (1)
Күн тәртібінде Кеңтүбек және Жарсуат ауылдық округтері әкімдері аппараттарының 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған жұмыстары мен көрсетілген мемлекеттік қызметтері туралы есептері, сондай-ақ сайлау учаскелерін құруға қатысты қаулыларға өзгерістер енгізу мәселелері қаралды.
Алғашқы боп сөз алған Кеңтүбек ауылдық округінің әкімі Нұрлан Газиев баяндама жасап, округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы, ауыл шаруашылығы, инвестиция тарту, мемлекеттік қызмет көрсету және абаттандыру бағытында атқарылған жұмыстарға тоқталды. Сонымен қатар жыл соңына дейін спорт кешеніне апаратын жол салу, ҰОС ардагерлеріне арналған саябақты абаттандыру, ескерткішті жаңғырту, әкімшілік ғимаратын күрделі жөндеу және тұрмыстық қатты қалдықтар полигонын қоршау жұмыстары жоспарланғанын айтты.

WhatsApp Image 2026-07-21 at 17.54.06 (2)
Күн тәртібіндегі келесі мәселе бойынша Жарсуат ауылдық округінің әкімі Бауыржан Балмолдин бірінші жартыжылдықтың қорытындысын баяндады. Оның айтуынша, округте санитарлық тазалық пен абаттандыру жұмыстары тұрақты жүргізіліп, елді мекендерден тұрмыстық қатты қалдықтар шығарылып, көше тазалығы бақылауда ұсталған. Сондай-ақ ауылішілік жолдарды күтіп ұстау, спорт кешені аумағын абаттандыру, жаяу жүргіншілер жолдарын салу және жарықтандыру бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.
Баяндама барысында мемлекеттік қызмет көрсету сапасына да ерекше назар аударылды. Алты ай ішінде тұрғындарға мемлекеттік қызметтер уақытылы көрсетіліп, электронды қызметтердің қолжетімділігі арта түскені айтылды.
Отырыс барысында қоғамдық кеңес мүшелері баяндамалар бойынша өз ұсыныс-пікірлерін білдіріп, күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

Сәнім Меңдібай
Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале