24.04.2025, 9:15
Оқылды: 170

Бөрлі аудандық халық аспаптар ансамблі республикалық фестивальден жүлдемен оралды

Жуырда Астана қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған «Бірлік пен келісім жолындағы 30 жыл» тақырыбында ҚХА шығармашылық ұжымдарының республикалық фестивалі өткен болатын.

Құттықтау

Аталған фестивальге Бөрлі аудандық демалу орталығының жанынан құрылған «Колокольчик» орыс халық аспаптар ансамблі қатысып, жүлделі III орынға ие болды. Ансамбльдің жетекшісі Николай Киселев.

Іс-шара қатысушылары халықтық вокал, хореография және қазақ аспаптары бойынша шеберлік сыныптарына, Мәдениет қайраткерлерімен дәрістерге, концерттер және шығармашылық кездесулерге, фольклорды дамыту мәселелері бойынша дөңгелек үстелдерге, өңірлерден келген қатысушылар экскурсиялар мен мәдени іс-шараларға қатысқан.

Айдана Абдрахманова,

Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале