9.10.2018, 17:12
Оқылды: 57

Бөрлі ауданы Теректіге «Адал жол» эстафетасын табыстады

Теректіде «Адал жол - Честный путь» жобасы аясында Бөрлі ауданының делегаттарымен кездесу өтті.

IMG_0019

         Достық үйінде болған басқосуға аудан әкімінің міндетін атқарушы Алтай Тоқжанов, мәслихат хатшысы Әлжан Нұрғалиев, бөлім, мекеме басшылары мен аудан тұрғындары қатысты.

         Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған шараға Бөрлі ауданы әкімінің орынбасары Алпамыс Көшкінбаев, Бөрлі ауданы әкімі аппаратының басшысы Дархан Ағеділов, Бөрлі ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмысы бөлімінің басшысы Диана Мұқанова келген болатын.

         Алтай Серғазыұлы, жоба жөнінде мәлімет берді.

         -Биыл 26 наурызда «Адал жол - Честный путь» марафоны басталды.  Негізгі мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту, парақорлық деңгейін төмендету. Осы орайда ауданымызда көптеген шаралар өтті. Аудан әкімдігінің «terekta_bko.gov.kz» сайтында, аудандық басылым «Теректі жаңалығы – Теректинская новь» газетінде бірнеше мақала жарық көрді. Ауылдық округтерде жемқорлыққа қарсы баннерлер орнатылды. «Парасыз болашаққа. Бірге!» мобильді тобы құрылып, түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Үкіметтік емес ұйымдар да сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмыстарына өз үлестерін қосуда. Солардың қатарында «Іс үшін-За дело», «Әйел.Қоғам.Болашақ», «Бірлік» қоғамдық бірлестіктерін айтуға болады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру шараларын жетілдіру, мемлекеттік органдар мен қоғамдық институттар арасындағы қарым-қатынас деңгейін көтеру – қазіргі күннің талабы. Бұл істе бұқаралық ақпарат құралдарының мүмкіншілігін кеңінен пайдалануымыз қажет,- деді Алтай Серғазыұлы.

         Бөрлі ауданы әкімінің орынбасары Алпамыс Жаңабайұлы аталмыш жоба аясында бір ай бойы атқарылған іс-шаралармен таныстырып, эстафетаны табыстады.

Аягөз АЙТҚАЛИЕВА,

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале