13.11.2023, 14:30
Оқылды: 10

Бөрлі ауданында «Бөрлі білгірі» жобасы қорытындыланды

Бөрлі ауданы ішкі саясат бөлімі мемлекеттік мекемесінің тапсырысымен, «Ақсай жастары» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Бөрлі ауданында тұңғыш рет «Бөрлі білгірі» интелектуалдық-танымдық сайысы өткізілген болатын. 9-10 сынып оқушылары арасында мықтының мықтысын, білгірдің білгірін анықтайтын жоба мәреге жетті.

39feb4cb-89b6-4fad-add3-7b87703f51c1

Ақсай қаласы №3 мектепте жобаның қорытынды шарасы өтіп, жүлдегерлер марапатталды.

«Бөрлі білгірі» жобасы салтанатты жиынына Бөрлі ауданы ішкі саясат бөлімінің бас маманы Руслан Азаматов қатысып, барша қатысушыға лебізін жеткізіп, жеңімпаздарды марапаттады. Сонымен қатар қорытынды шараға жобаға қатысушы оқушылардың ата-аналары және барлық қатысушы шақырылды.

Бүгінгі күні жобаға 48 оқушы өтініш беріп, бағын сынаған. Жүйріктердің ішінде жүйрік боламын деп келген оқушылар өзара кім мықтыны анықтап білім сайыстырған. 48 оқушы 8 топқа бөлініп, тартысты ойын көрсетті.

166a56af-2b81-428e-923c-885dc95444d3

Жобаның бір ерекшелігі аудан тарихына қатысты сұрақтар қойылды. Сонымен қатар әр айналым сайын ұяшықтар ауысып отырды. Әр ойын «Ақсай жастары» жастар қоғамдық бірлестігінің youtube каналында жарияланды. Финалға қала мектептерімен қатар Бөрлі және Ақбұлақ ауылдық округінің оқушылары жолдама алған.

- «Бөрлі білгірі» жобасы Бөрлі ауданы ішкі саясат бөлімі мемлекеттік мекемесінің тапсырысымен, «Ақсай жастары» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен жүзеге асты. Жобаның негізгі мақсаты оқушылар арасындағы білімге деген бәсеке арқылы достықты қалыптастыру, дарынды оқушыларды анықтап, оларды одан әрі ізденуге талпындыру. Осы бағытты алға тартқан жобаға қолдау білдірген Бөрлі ауданы әкімдігі екенін атап өткеніміз жөн. Жобаның өтуіне ат салысқан Бөрлі ауданы білім беру бөлімі басшысы Айымгүл Мақсотқызына, Ақсай қаласы №3 мектебінің директоры Ғұмар Сағидоллаұлына және оқушылардың ата-аналарына алғысымыз шексіз. Сонымен қатар қала мектептеріне және Бөрлі,Ақбұлақ ауылдық округтерінің мектептеріне ерекше рахметімізді айтамыз, - дейді жоба авторларының бірі, «Ақсай жастары» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Өрлен Бисенов.

bb69d678-effc-40a6-b636-917693b8257d

Финалдық кезеңде ойын көрсеткен үздік алтылық тартысты бәсеке өткізген. Қорытынды бойынша Бөрлі ауылы №1 Бөрлі қазақ мектебінің оқушысы Шоқат Ернар, Ақбұлақ ауылы Ақбұлақ мектебінің оқушысы Аружан Медал және Ақсай қаласы №3 мектебінің оқушысы Ақнұр Нажимова финалға жетіп, тамаша ойын көрсеткендері үшін алғысхаттармен марапатталды.

Ақсай қаласы №2 мектебінің оқушысы Алмаз Бекмухамбетов жүлделі үшінші орынды еншіледі. Білім бәйгесінде Ақсай қаласы №6 мектеп-лицейінің оқушысы Әсел Наурызбаева екінші орынды қанжығалады. Ал «Бөрлі білгірі» жобасы басталғннан бері барлық ойында үздік атанып келген, Ақсай қаласының №6 мектеп-лицейінің оқушысы Наргиза Болатова финалдық ойында да өзінің үздік екенін дәлелдеп, жобаның жеңімпазы атанды.

- «Бөрлі білгірі» жобасы мәресіне жетті. Оқушыларды білім мен білікке жетелейтін бұл жоба өміршең болады деген сенімдеміз. Барша жүлдегер оқушыны құттықтаймыз. Жобаға менің екі қызым қатысқан болатын. Бүгін Әселім екінші орын алып, жеңімпаз атанса, Айаруым алғысхатпен марапатталды. Бұл жоба балаларға үлкен мүмкіндікпен қатар мол тәжірибе болады. Алдағы уақытта жоба жалғасын таба берсін, - дейді ата-ана Назгүл Жасмағамбетқызы.

Әбіл Мансұр,

Бөрлі ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале