Бөрлі ауданы әкімінің орынбасары Ерік Төлепқалиевтің төрағалығымен аудандық аурухана, білім және санитарлық-эпидемиологиялық басқамасы мамандарының қатысуымен екпе мәселесі бойынша штаб отырысы өтті.

Жиында Қазақстан Республикасы қаулысында көрсетілген екпе талаптарын орындау, түсіндіру жұмыстарын жүргізу және тиісті көрсеткіші 90 пайыздан төмен балабақшалармен атқарылған жұмыстар талқыланды. Сонымен қатар 2026 жылғы 8 қыркүйекке дейінгі вакцинация жұмыстарының қорытындысы қаралды.

Отырыс барысында Бөрлі аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысы Гүлбақыт Наурызалина, Бөрлі аудандық ауруханасының басшысы Алтынай Баймұратова “Интертич”, “Медикер Ақсай” медициналық орталықтардың жауапты мамандары баяндама жасап, атқарылған жұмыстар туралы ақпарат берді.

Штаб отырысында екпе жұмыстарының сапасы мен қамту көрсеткіштерін арттыруға бағытталған шараларды жүйелі түрде жалғастырудың маңыздылығы атап өтілді.
Мейрамбек Сыдықов,
Бөрлі ауданы