17.02.2020, 12:44
Оқылды: 35

Бөрлі ауданында каратэден БҚО чемпионаты өтті

БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы және Бөрлі ауданының әкімдігі мен шито-рю каратэ-до және қылыштасудан БҚО федерациясының ұйымдастыруымен Ақсайда Шито-рю каратэден БҚО-ның ашық чемпионаты өтті.

borli (2)

Чемпионат кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылуына 31 жыл толуына орай және Ауған соғысында қаза болған интернационалдық жауынгерлерді еске алуға арналды.

 Жарыста Кумиртау қаласы (Башқұртстан Республикасы) және Орал қаласы командаларымен қатар Бөрлі ауданының және қаладағы мектептерден құралған 9 команда бақ сынады. Мықтылар сынға түскен сайысқа 156 спортшы қатысты.

borli (3)

 Жарыс қорытындысы бойынша ката индивид бағдарламасында Н.Ишбулат, Р.Губайдуллина, Е.Евченко, А.Жалмакова, Ж.Губайдуллин, Қ.Русланов, М.Сериков үздік шықса, АБС бағдарламасын орындауда Э.Джанабергенова, П.Санин, А.Конырова, Р.Давлеткалиев, Д.Тойшыбай, А.Силибаев бірінші орынды иеленді.

 Г.Макаренко, И.Адилов, Р.Губайдуллин, Е.Махкамова, Д.Нұрланов, Б.Оразмұханбет, К.Илюбаев, А.Жалмакова, А.Серик, Д.Макаренко, Е.Гарифуллин, Ж.Губайдуллин, В.Макаренко, Ф.Төреғожа, Н.Төлеуіш, Н.Иксат, Е.Саркулов, Е.Ерназаров есімді спортшылар кумитэ индивидтен қарсыласын шақ келтірмей жеңімпаз атанды.

Мейрамбек Сыдықов

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале