8.02.2018, 17:22
Оқылды: 48

Бөрлі ауданында қонақүй үлгісінде жатақханалар салынуда

aksay (4)Бұл жайлы Бөрлі ауданының әкімі Алдияр Халелов халқы алдындағы есептік кездесуінде айтты.

Аудан әкімі құрылыс бағытында атқарылған жұмыстар мен жоспарлар туралы айтты. Өткен жылы Ақсай қаласындағы 10-шағын ауданда 320 орындық бөбекжай пайдалануға берілсе, Аралтал ауылында 300 балаға арналған мектеп, Кеңтүбек ауылында 50 орындық балабақша, сонымен қатар аудан орталығында дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынған.

aksay (3)- Ал Бөрлі ауылында спорт кешені құрылысы басталды. Биыл аяқталады. Сонымен қатар Кеңтүбек және Успен ауылдарындағы фельдшерлік пунктердің құрылысы тәмамдалды. № 1 орта мектеп жанындағы шағын орталық күрделі жөндеуден өтті. Қазір Ақсайдың солтүстік бөлігінде 240 орындық балабақшаның құрылысы жүргізілуде. Сондай-ақ балалар өнер мектебі ғимараты жөнделуде. Қарашығанақ-1 шағын ауданында 75 пәтерлі үй берілді. Аралталда 100 тұрғын үй салынса, березов және бестаулықтар үшін екі 9 қабатты тұрғын үй салынды.

Қазір 120 пәтерге лайықталған отбасылық үлгідегі жатақхана, Қанай, Пугачев, Жарсуат және Кеңтүбекте қонақүй үлгісіндегі жатақхана салынуда. Құрылыс жұмыстары осы жылы аяқталады. Бөрлі ауылында жеке тұрғын үй құрылысы үшін инженерлік-коммуникация желілерін жүргізу жобасы сараптамадан өтті. Қарашығанақ-1 ауданында үш тоғыз қабатты тұрғын үй салу үшін құжаттама бар. Сонымен қатар Александровка, Бумакөл, Успен, Тихонов, Киров ауылдарында жатақхана салу үшін сметалық құжаттама дайындау жоспарда.

2017 жылы ауданда жол құрылысы мен жөндеу жұмыстары бойынша бірқатар шара атқарылды. Ақсай қаласының өзінде 12 көше бойынша 12,2 шақырым жол жөнделді. Ұзындығы 2 шақырым тротуар салынды. Ихсанов көшесі бойынша күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Ал Бөрлі ауылындағы Достық көшесіндегі жөндеу жұмыстары 2018 жылы аяқталады. Ақсай-Жымпиты  жолының 15 шақырымы қайта жаңғыртылса (53-68 шақырым), Ақбұлақ ауылына кірме жолының 15 шақырымы жайластырылды. Сонымен қатар Жаңаталап-Успен жолының 6 шақырымы жөнделді, - деді аудан әкімі.

zhaikpress.kz

суретке түсірген Айбатыр Нұраш

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале