30.06.2026, 20:00
Оқылды: 48

Бөрлі ауданында күніне 30-ға жуық арнайы жұмыс киімін тігетін кәсіпорын бар

БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Бөрлі ауданына жұмыс сапары барысында Ақсай қаласындағы «Samgau Company» жеке кәсіпкерлігінің арнайы киім өндірісімен танысты.

image-30-06-26-07-33-6

Аталған кәсіпорын 2009 жылдан бері мұнай-газ, құрылыс және өнеркәсіп салаларына арналған мамандандырылған жұмыс киімін шығарумен айналысады. Мұнда маусымдық сұранысқа сай қысқы және жазғы киімдер тігіліп, өнімдер негізінен ірі өндірістік компаниялар мен заңды тұлғалардың тапсырысы бойынша сатылады. Бүгінде зауытта 10 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

image-30-06-26-07-33

Кәсіпкер Нұрбек Мақсотовтың айтуынша, цех жұмысты өз қаражатына бастап, уақыт өте келе дамытқан. Алғашында дайын өнімді сырттан тасымалдап сатса, кейіннен өздерінің тігін цехын ашқан. Қазіргі уақытта кәсіпорын күніне орта есеппен 20 жаздық және 10 қыстық арнайы киім дайындайды. Тауар өткізуде іркіліс болмау үшін қыста жаздық, ал жазда қыстық киімдер тігіліп, қоймаға жиналады. Өнім бағасы маусымына қарай 20 мыңнан 35 мың теңгеге дейінгі аралықты құрайды.

image-30-06-26-07-33-4

Өңір басшысы Нариман Төреғалиұлы өндіріс орнының тыныс-тіршілігіне оң баға беріп, жергілікті кәсіпкерлікті қолдаудың маңызына тоқталды. Әкім отандық өндірісті дамыту, жаңа жұмыс орнын ашу және ішкі нарықты отандық өніммен қамту аймақ экономикасы үшін стратегиялық қадам екенін атап өтіп, тігін цехының жұмысына сәттілік тіледі.

image-30-06-26-07-33-5 image-30-06-26-07-33-1 image-30-06-26-07-33-7

Сәнім Меңдібай,
Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале