27.08.2026, 15:00
Оқылды: 57

Бөрлі ауданында «Мектепке жол» акциясы қарқынды жүруде

Ел бойынша көмекке мұқтаж балаларды қамту мақсатында тұрақты негізде жыл сайын «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылып келеді. Акцияның мақсаты жаңа оқу жылына дайындық уақытында әлеуметтік осал топқа жататын отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету, балалардың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларына нақты көмек көрсету.

WhatsApp Image 2026-08-27 at 14.01.14 (1)

1 тамыз - 30 қыркүйек  аралығында республикалық «Мектепке жол» акциясы Бөрлі ауданы білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен аудан мектептерінде жоғары деңгейде өткізілуде. Ауданның белді азаматтары да осы игі істің басы-қасынан табылып, мейлінше қолдау жасап келеді. Мамандар мәліметіне сенсек биылғы «Мектепке жол» акциясын ұйымдастыруда алдыңғы қатарда Бөрлі №1 ЖОББМ, Ақсай қаласының №5 ЖОББМ және Ақсай қаласының №6 мектеп-лицейі тұр. Басқа білім ордалары да акцияны тиісті деңгейде өткізу үстінде.

Аталған Қаулыға 2022 жылы тамызда енгізілген өзгерістерге сәйкес, ата-аналар немес заңды өкілдерінің есепшоттарына балаларға киім-кишек, оқу құралдарын алу үшін ақшалай нысанда аударылады. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерге киім, аяқ киім, мектеп керек-жарақтарын сатып алу үшін материалдық көмек қаражат алынған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде білім беру ұйымына қаражаттың нысаналы пайдаланылуы (сатып алынған тауарлардың атауы көрсетілген шығыстар туралы растайтын құжат) міндетті түрде құжаттамамен расталады.

- Қазіргі таңда тамыз айында «Жаппай білім беру» қорынан жекелеген санаттағы 194 оқушы 50851 теңгеден алды. Бүгінгі күні 577 оқушыға 6 млн-нан астам қаржыға демеушілік көмек көрсетілді, акция әлі де 30 қыркүйекке дейін жалғасуда. Демеушілік көрсеткендер қатарынанда Бөрлі аудандық мешіті, «Наурыз» ЖШС, «Aksai RUN KZ» спортшылар командасы, «Аксай-Қамқор» және «Жас дарын» ҚБ, «AK Salam Group» ЖШС, «Дентарт» стомотологиялық клиникасы, «Киос» ЖШС компаниясы, «Аксайбизнесстрой» АҚ, «Орал» ЖШС, «Нива» ШҚ, «Мигитко» ЖК, «Матрёшка» дүкені, «Агровик» ЖШС және жеке кәсіпкерлер мен шаруашылық қожалық иелері бар. Азаматтардың өтініштеріне жедел қабылдау үшін «Сенім телефондарының» үздіксіз жұмысы жасауда. Аталған акцияға үн қосып, азаматтық танытып жатырған барша жанашыр жандаорға лғысымыз шексіз,-дейді білім бөлімінің маманы Гүлнұр Ерікқызы.

WhatsApp Image 2026-08-27 at 14.01.15

«Мектепке жол» акциясы Бөрлі ауданында әлі де өз жалғасын таппақ. Білім ұжымдарына келіп, осы бастамаға қолғабыс жасаймыз деген азаматтардың қатары толығатынына сенім сол.

 

Мейрамбек Сыдықов,

Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале