29.07.2026, 16:00
Оқылды: 8

Бөрлі ауданында отбасы құндылықтары мен зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері қаралды

Бөрлі ауданы әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен қарым-қатынас бойынша кеңес отырысы өтті. Кеңес отырысы аудан әкімінің орынбасары Алтай Тоқжановтың төрағалығымен, кеңес мүшелерінің қатысуымен өтті.

кеңес отырысы

Кеңес отырысында ҮЕҰ дерекқорына есеп беру бойынша атқарылған жұмыстар мен ауданымыздағы отбасы құндылықтарын насихаттауға және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған іс-шаралар кешенін өткізу бойынша сұрақтар қаралды. Алдымен аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ақмарал Исмағұлова үкіметтік емес ұйымдардың есеп беруі бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндады.

Баяндамашының айтуынша, 2018 жылдан бері республика бойынша Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқоры жасақталып, Қазақстан Республикасы «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңының 41-бабы 5-тармағына сәйкес мәліметтер жыл сайын 31 наурызға дейін осы дерекқорға ҮЕҰ-дар мәлімет тапсыруы тиіс екен.

- Біздің ауданымызда тіркелген үкіметтік емес ұйымдардың мәлімет тапсыруы бойынша ішкі саясат бөлімі арқылы әдістемелік көмектер көрсетіліп, үлкен жұмыстар атқарылып келеді. Жыл сайын БАҚ беттері мен әлеуметтік желілерде, сондай-ақ, жекехабарламалар арқылы ҮЕҰ басшыларының назарына атқарып жатырған қызметтері туралы мәліметтерді «ҮЕҰ Дерекқорына» ұсынудың кезекті мерзімі басталғаны жөнінде ақпарат беріледі. Және де ҮЕҰ басшыларына жыл сайын есептілікті тапсыру бойынша әдістемелік көмек көрсетіліп отырады. «ҮЕҰ Дерекқорына» мәліметтерді ұсынбау, уақытылы ұсынбау және анық емес немесе жалған мәліметтерді ұсыну ҚР ӘҚБтК-нің 489-1-бабына сәйкес тиісті әкімшілік жауапкершілікке тарту көзделген. 2025 жылы ҮЕҰ дерекқорына ауданымыз бойынша 38 мекеме өз есептерін тапсырды. Есептерін уақытылы тапсырмаған 3 ҮЕҰ-ға хаттама толтырылып, сот шешімімен ескерту берілді. Биыл жыл басынан бері жүргізілген түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде «ҮЕҰ Дерекқорына» мәліметтерді ұсынуы тиіс 48 ҮЕҰ-ның 44-і мерзімінде тапсырды. Ал қалған төртеуіне келсек, 3 ҮЕҰ-ның қызметі уақытша тоқтатылса, 1 ҮЕҰ қызметін тоқтатуына байланысты есептіліктен босатылған, - дейді аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ақмарал Қуандыққызы.

Әрі қарай «Ашық көмек» қоғамдық қоры директоры Ботагөз Байқадамова ауданымызда отбасы құндылықтарын насихаттауға және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған іс-шаралар кешенін өткізу туралы баяндамасымен бөлісті.

Негізінен, «Ашық көмек» қоғамдық қоры «Бөрлі ауданында отбасы құндылықтарын насихаттауға және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған іс-шаралар кешенін өткізу» атты жобасын аудандық ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 2024 жылдан бері жүзеге асырып келеді. Биыл да қор аталған жобаны мамыр айынан бастап әске асыруда.

- Отбасы – адамзат үшін өнеге, тәрбие, сыйластық, жарасымдылық орнаған кішкентай тәуелсіз мемлекет. Отбасылардың дамуын жетілдіру, ата-ана жауапкершілігін арттыру, ұлттық тәрбие мен адамгершілік құндылықтарын, салт-дәстүрін, имандылықты дәріптей отырып, бақытты отбасын құру – әрбір азаматтың міндеті. Осы жоба барысында аудандық аналар кеңесі мен ақсақалдар алқасы, мектеп пен колледждегі аналар клубы, әкелер клубы, қыздар мен ұлдар кеңестерінің жұмысы бірегейленіп, жүйелілігі артты. Жас отбасыларды қолдау мақсатында заңгерлік, психологиялық шаралар ұйымдастырылды. «Ашық көмек» қоғамдық қоры аудандық полиция және білім беру бөлімдерімен бірлесіп, тұрмыстық зорлық-зомбылықты болдырмау және оның алдын алу мақсатында шаралар ұйымдастырып келеді. Біздер осы жобаны іске асыру барысында отбасы институтының маңыздылығына, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, дағдарыс жағдайындағы отбасыларға психологиялық және құқықтық кеңестер беру, жастар арасында салауатты және жауапты отбасын құру және тағы басқа да міндеттердің орындалуына басты назарымызды аудардық. Ағымдағы жылдың мамыр және шілде айлары аралығында көптеген іс-шаралар өтті, - дейді «Ашық көмек» қоғамдық қоры директоры Ботагөз Есетқызы.

Кеңес отырысы баяндамашыларға сұрақ қойып, көтерілген мәселелерді талқылаумен аяқталды.

Айдана Абдрахманова, 

Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале