22.07.2021, 12:08
Оқылды: 61

Бөрлі ауданында полиция жастарымен кездесу өтті

«Полицияда қызмет ету-мақтаныш әрі абырой!» ұранымен өтіп жатқан акция аясында Бөрлі ауданы полиция бөлімінің жас қызметкерлері мен олардың тәлімгеріне «Батырлар институты - өскелең ұрпақты тәрбиелеу» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.

borli (1)

Шараға Бөрлі ауданы полиция бөлімінің қызметкерлерімен қатар бөлім бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Қадыржан Сағын және ардагерлер кеңесінің төрағасы Нұрлан Көптілеуұлы, Ауған соғысының ардагері, Бөрлі ауданының құрметті азаматы Жетпісбай Жүнісбекұлы қатысты.

Шара барысында меймандар халықпен жұмыс атқарудағы ерекшеліктері туралы сөз қозғап, қазақ полициясының мәртебесі жайлы әңгіме өрбітті. Жастардың сауалдарына жауап беріп, нәтижелі қызмет етудің сыры талмас еңбекте жатқандығын түсіндірді.

-Елдің тыныштығы мен халықтың мамыражай күн кешуі үшін полиция қызметкерлерінің қызметі мінсіз болуы шарт. Әрине қателікке бой алдырмайтын адам жоқ. Алайда әр шалыс басқан қадамыңнан сабақ алсаң алдағы уақытта сенен мықты тұлға болмайтынын ұмытпау керек. Халықпен бірге болып, ел мен жердің тыныштығы үшін, абыройлы қызмет жасауға жазсын. Елдің тірегі, жұрт жанашыры бола білгейсіздер, - деді Нұрлан Көптілеуұлы. Ауған соғысының ардагері Жетпісбай Жүнісбекұлы да қатысушыларға халық үшін адал да шынайы қызмет жасауға үндеді.

- Ардагерлеріміздің жиған тәжірибесі, ақылы мен көрген білгені жастарға қажет. Алдағы уақытта да осындай тәрбиелік мәні зор жиындарды жиі ұйымдастырмақпыз, - дейді Қадыржан Ерсайынұлы.

borli (2)

Дөңгелек үстелден қазақ батырларының жанкештілігі мен ерлігі туралы бейнеролик көрсетілді. Одан әрі кітапхана аралап, жас полицейлерге кітап оқудың пайдасы туралы айтылды.

-Бүгінгі шарадан өте жақсы әсер алдым. Үлкендердің ақыл-кеңестері өзімізге деген сенімді артыруға күш береді. Алдағы уақытта осындай жақсы шаралар жалғасады деп сенемін, - дейді жас полиция қызметкері Ерсұлтан.

 

Мейрамбек Сыдықов

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале