30.12.2020, 18:51
Оқылды: 115

Бөрлі ауданында үздіктер марапатталды

Волонтерлар жылы аясында жыл бойы жастар қозғалысының дамуына белсене араласып, әр салада өз кәсіби шеберлігін көрсеткен жастарды қолдау мақсатында дәстүрлі «Жыл волонтеры - 2020» жастар сыйлығы премиясы табысталды.

 134503460_2910194389305803_5948832230362520464_n

Шара басында аудан әкімі Миржан Сатканов аудан көлемінде ұйымдастырылып жатқан ауқымды шаралардыңң басы-қасында жүретін еркітілерге, жақсылық жасауда алдына жан салмай келе жатқан баршаға алғысын білдірді.

Сонымен қатар еріктілерді қолдауда оқ бойы озық жүрген кәсіпкер Диас Қожахметовке облыс әкімі Ғали Есқалиевтің алғыс хатын, «Наш двор» мейрамханасының иесі Закриян Варшамға облыс әкімінің орынбасары Тимуржан Шакимовтың алғыс хатын ұсынды.

Жыл қорытындысында «Birgemiz: Asyl Mura» бағыты бойынша «Үздік волонтер» номинациясына Ақсу ауылындағы мектеп-балабақша кешенінің ұстазы Сағызбай Дуйсенгалиев иеленсе, «Үздік күміс волонтер» аталымын Руслан Абдрахманов қанжығалады.

134437544_2910194305972478_4893845799423110725_n

«Birgemiz: Bilim» бағытында Жангүлім Амангелді үздік атанды.

Аудан аумағында жақсылықпен аты шыққан «Берекелі жамағат» қайырымдылық қоры «Birgemiz: Qamqor» бағыты бойынша үздік шықса, көпке үлгі бола білген Арыстановтар отбасы «Үздік волонтерлік отбасы» номинациясын алды.

Әріптесіміз Сәнімгүл Меңдібай БАҚ саласындағы үздік атанды.

134436456_2910194269305815_4662956506043088144_n

«Birgemiz: Sabaqtastyq» бағыты бойынша «Бумеранг добра» бірлестігін құрушы ерікті Бибигуль Ержанова үздік деп танылса, «Birgemiz: Umit» бағытында құқық қорғау саласының қызметкері, полиция майоры Абу-Мухамбет Изтелеуов көпке үлгі болып, үздік атанды.

«Birgemiz: Taza Alem» бағыты бойынша Муратбек Ташенбаев, «Birgemiz: Saylyq» бағытында аудандық аурухананың фельдшері Дархан Темиржанов марапатталды.

Аудан тұрғындарының барлығына дерлік таныс «Адам бол» қоғамдық қоры «Үздік волонтерлік бірлестік» аталымын еншіледі. «Үздік жас волонтер» аталымын Успен мектеп-балабақша кешенінің 9-сынып оқушысы Зульпат Гибадатова иеленді.

 

Мейрамбек Сыдықов,

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале