23.12.2023, 17:30
Оқылды: 111

Бөрлі ауданында жас журналистер сынға түсті

Бөрлі ауданы Ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, білімі беру бөлімінің, «Ақсай жастары» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен 9-11 сынып оқушылары арасында Қазақстан журналистер одағының мүшесі, ардагер журналист, Бөрлі ауданының құрметті азаматы Қуанышқали Ғұсмановты еске алуға арналған «Үздік мақала» байқауы өтті.

IMG-20231223-WA0053

Журналистикаға қазығып, жазуға бейім оқушыларды іріктеп, шығармашыл жастарды қолдау үшін өткізілген шараға қала және ауыл мектептерінің барлығынан дерлік оқушылар қатысып, өз бақтарын сынады. Ережеге сай оқушылар бірінші ақпараттық мақала, екінші кезекте қоғамдағы мәселені арқау еткен өзекті тақырыпта мақала жазулары қажет болды.

IMG-20231223-WA0056

Сайыстың ашылу салтанатында ардагер журналистің үлкен қызы Сара Қуанышқалиқызы барша ұйымдастырушыларға алғыс айтып, қатысушыларға сәттілік тіледі. «Бөрлі жаршысы-Бурлинские вести» қоғамдық-саяси газетінің редакторы Дариға Кеңесбайқызы Қуанышқали Қабдошұлы туралы естелігін айтып,, оның қызмет жолындағы еңбектеріне тоқталды. Сонымен қатар Ақсай қаласы №4 ЖОББм қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері дайындаған Қуанышқали Ғұсмановтың өмірдегері туралы шағын ақпараттық слайд көпшілік назарына ұсынылды.

Жол қиындығына байланысты келе алмаған ауыл мектептерінің оқушылары сайысқа онлайн қатысуға мүмкіндік алды. «Үздік мақала» сайысының ерекшілігі бойынша қатысушы оқушылар мақаланы компьютермен жазды. Бұл оқушылардың өздерін кәсіби журналист ретінде сезініп, жылдам ақпарат беруге машықтандырада дейді ұйымдастырушылар.

IMG-20231223-WA0057

Сайыс қорытындысы бойынша бас жүлдені Ақсай қаласы №3 ЖОББМ 11-сынып оқушысы Тұрсынбаева Аружан иеленді. Бірінші орынды Ақсай қаласы №8 ЖОББМ 10-сынып оқушысы Бақтығали Бекзат алса, екінші орынды Ақбұлақ МБК 10-сынып оқушысы Бақыт Жасмин еншіледі. Үшінші орын Ақсай қаласы №4 ЖОББМ 10-сынып оқушысы Габдувалиева Назеркеге бұйырды. Жүлдегерлер Ғұсмановтар әулетінің қолдауымен арнайы статуеткаларға және қаржылай сыйлықтарға ие болды. «Бөрлі жаршысы-Бурлинские вести» қоғамдық-саяси газетінің редакторы Дариға Кеңесбайқызы Ақсай қаласы №8 ЖОББМ мектебінің 9-сынып оқушысы Хасен Гүлжазираға аудандық газеттің арнайы сыйлығын ұсынды. Барлық қатысушыларға Бөрлі ауданы білім беру бөлімі басшысының және «Ақсай жастары» жастар қоғамдық бірлестігі төрағасының алғысхаттары табысталды.

Әбіл Мансұр,

Бөрлі ауданы 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале