13.06.2017, 17:06
Оқылды: 33

Бөрлі – облыс жеңімпазы

Зеленов ауданы Деркөл өзенінің жағасында су туризмі техникасынан облыстық жарыс өтті.

 Облыстық балалар мен жасөспірімдер  туризмі және экология орталығы жыл сайын ұйымдастыратын сайысқа аудан спортшыларынан бөлек, өңіріміздің Ақжайық, Бөрлі, Жаңақала, Қаратөбе, Сырым, Теректі, Шыңғырлау аудандарынан және Орал қаласынан туризм орталықтарының командалары қатысты.

Жарысқа қатысушылар балық аулау, құтқару құралдарын ұзындыққа лақтыру, қайықпен кедергі қақпалардан өту секілді кезеңдерде шеберліктерін сынады. Екі күнге созылған додада Бөрлі ауданы І, Зеленов ауданы ІІ, Ақжайық ІІІ орынға ие болды.

Динара НАСЫР,

Зеленов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале