Өзекті мәселелер – өңір  басшысының назарында
24 Қаңтар 2023

Өзекті мәселелер – өңір  басшысының назарында

«Мемлекет идеологиясыз өмір сүре алмайды»
24 Қаңтар 2023

«Мемлекет идеологиясыз өмір сүре алмайды»

Жәңгір хан университеті: Маңызды іс-шараның жалғасы
23 Қаңтар 2023

Жәңгір хан университеті: Маңызды іс-шараның жалғасы

Дамир – ел кубогінің иегері
22 Қаңтар 2023

Дамир – ел кубогінің иегері

Кәсіпкерлерге қысым көрсетілген
21 Қаңтар 2023

Кәсіпкерлерге қысым көрсетілген

Джузеппе Роделли елге келді. Жұмысшылар тарады. Ақсай қаласында не болып жатыр?
19 Қаңтар 2023

Джузеппе Роделли елге келді. Жұмысшылар тарады. Ақсай қаласында не болып жатыр?

13.10.2022, 13:03
Оқылды: 42
Бөрлі спортының болашағы зор

Бөрлі ауданының спортшылары соңғы жылдары біраз жетістікке жетті. Жыл басынан бері бөрлілік атлеттер ел қоржынына біраз жүлде салды. Мысалы, паратхэквондо шебері Мәлік Мұқашев Азия чемпионатында алтыннан алқа тақса, көп жылдан бері өңірде тұралап қалған шаңғы спорты да аяғынан тік тұрып келеді. Биыл ақсайлық қос қарлығаш – Мәдина Жақсылықова мен Жанерке Тудахунова шаңғы жарысынан Қазақстанның жазғы чемпионатында тамаша өнер көрсетіп, ел чемпионы атанды. Қазіргі кезде Мәдина Жақсылықова Риддер қаласындағы еліміздегі іргелі спорт мектептерінің бірі саналатын дарынды балаларға арналған спорт мектеп-интернатына оқуға қабылданды. Одан бөлек, әйелдер күресінен ұлттық құрама сапына енген Анастасия Панасович Азия біріншілігінен қола, әлем чемпионатынан күміс медаль еншіледі.

267528101_4551705994905333_6446413874314964321_n

Жалпы жекпе-жек өнері, соның ішінде күрес түрлері жақсы жолға қойылған. Биыл бөрлілік палуан Әділбек Сеисов жауынгерлік самбодан ел чемпионы атанып, артынша Азия біріншілігінде күміс медальға ие болса, өңірдің түйе палуаны атанған Темірлан Көлбай спорттық самбодан ел чемпионы, Азия біріншілігінің қола жүлдегері атанды. Самбошы жігіттердің жеңісті жолын Риза Сүлейменова жалғап, жауынгерлік самбодан Азияда топ жарды. Армрестлинг шеберлері де аудан, облыс, тіпті ел намысын абыроймен қорғап жүр. Армрестлер Мерует Байниязова елге қол күресінен Азия чемпионатының алтын жүлдесін алып келсе, таэквондодан Қазақстан Республикасы чемпионатында Әдемі Қали екінші орынға, Райымбек Сабырғалиев аударыспақтан ел біріншілігінің қола жүлдесіне қол жеткізген. Гір тасын көтерген бөрлілік спортшылар да намысты қолдан бермеуге тырысады. Биыл ардагерлер арасындағы Қазақстан Республикасы чемпионатында Ғұмар Әжіғалиев алтын, Азия чемпионатында күміс медальға  ие болды. Президенттік көпсайыстан Қазақстан Республикасы чемпионатында Павел Казанцев екінші нәтиже көрсетсе, Замир Хамзин самбодан жастар арасындағы Қазақстан чемпионы атанды. Ол аз десеңіз, ХІХ Бүкіләлемдік гимназиадада ел намысын қорғаған грек-рим күресінің шебері Жарман Исмағұлдың қола жүлдесі де спорт жанкүйері үшін мақтаныш. Одан бөлек, Батыс Қазақстан облысының VII Халық спорты ойындарының қорытындысында бөрлілік спортшылар жалпыкомандалық екінші орынды иеленді. Параспорт та ауданда жақсы жолға қойылған. Тірек-қимыл аппараты зақымданған спортшылар арасындағы жарыстарда оңайлықпен ешкімге жүлде бермейтін Азария Хамидуллина ел біріншілігі-нің күміс медалисі атанды.

Ауданда бұқаралық спорт та мықты дамып келеді. Тіпті бөрлілік мемқызметшілер де бос уақытын спорт алаңдары мен жаттығу залдарында өткізеді. Оның нәтижесі де осы күні көріне бастаған. Биыл Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілер күніне орайластырылған облыстық спартакиада қорытындысында аудан әкімдігінің командасы жалпыкомандалық екінші орынды қанжығалады.

Жалпы аудан басшылығы бұқаралық спортты дамытуды басты орынға қояды. Сол себепті әр округті спорт әдіскерімен қамтыған. Олар салауатты өмір салтын насихаттап, ел жастары мен спортқа қызыққан азаматтарға бағыт-бағдар беріп отырады. Соның арқасында қазір дене шынықтырумен шұғылданушылардың саны артып, 34,2 пайызға жетіпті. Былайша айтар болсақ, қазіргі таңда 19 283 бөрлілік тұрақты түрде спортпен айналысады деген сөз.

– Округтерде қызмет жасайтын 13 спорт әдіскерімен қатар, Ақсай қаласында 4 спорт әдіскері бар. Оның біреуі мүмкіндігі шектеулі жандарды спортқа тарту мақсатында арнайы бекітілді. Сондай-ақ төрт спорт нұсқаушысы қызмет етеді. Осы команданың көмегімен Ақсай қаласы мен ауылдық округтерде 336 спорттық іс-шара өткізілді. Оған жалпы саны 8367 адам тартылса, оның 7249-ы – ауылдағы ағайын. Ел ішінде «Нағыз спортшы ауылдан шығады» деген қағида қалыптасқан. Ол сөздің жаны бар. Десе де, ауылдағы таланттарды қашанда қолдау керек. Сол себепті әр округтегі спорт әдіскерлерінің жұмысын мықтап қадағалап отырамыз, – деді Бөрлі аудандық спорт бөлімінің басшысы Армат Исанов.

Басты мақсат – бұқаралық спортты дамыту

Бөрліде тұрғындардың спортпен шұғылдануына барынша жағдай жасалған. Осы күні ауданда «Қарашығанақ», «Бөрлі» және «Конденсат» сияқты үш спорт кешені, 34 спорт алаңы мен 35 спортзал бар. Бұл спорттық құрылымдардың әрқайсысы салауатты өмір салтын ұстанушыларға толықтай қызмет көрсетіп келеді. Тағы бір ерекше атап өтетін жайт – жүзу бассейні. Мұндай керемет өңірдің еш-бір ауданында жоқ. Аудандық спорт бөлімі қысы-жазы жүзуге мүмкіндік беретін орынды да барынша тиімді пайдалануда. Оның рахатын тек ақсайлықтар ғана емес, аудан орталығына жақын маңдағы округ тұрғындары да көре алады. Аудан спортына жауапты мамандар бассейнді пайдалану кестесін бекіткен. Қалаға жақын округ тұрғындары өздеріне арналған күні келіп, бассейнге түсе алады. Келушілерге қызмет көрсететін жүзу бапкері Асхат Рахметжановтың айтуынша, жүзіп үйренемін деуші азаматтар мен су спортына қызыққан жастар саны артып келеді екен.

277306904_7185755798163614_8043998483479032466_n

Аудан спортына жауапты азаматтар болашақта тұрғындардың салауатты өмір салтын ұстануына барынша жағдай жасауға ниетті. Алдағы уақытта қаладағы Қызылтал шағынауданына мәдени-спорт кешенін және Кеңтүбек, Жарсуат ауылдық округтеріне спорт кешендерін салуды жоспарға енгізген. Егер бұл іс ойдағыдай жүзеге асар болса, ауданға қарасты барлық округ азаматтары бос уақытын спорт кешендерінде өткізуге мүмкіндік алады. Ал оны қалай іске асыру керектігін жергілікті спорт мамандары жақсы біледі. Аудандық спорт бөлімінің басшысы Армат Исанов 2018 жылы салынған Бөрлі спорт кешенін тиімді пайдаланудың ретін келістірген. Бүгінде Бөрлі ауылындағы кешенде үш бапкер, екі әдіскер қызмет атқарып, 200-ден астам бала жаттығады. Одан бөлек, ауылға жақын маңдағы Қанай және Бумакөл округтерінің тұрғындары да аты аталған кешенге келіп, спортпен шұғылдануға мүмкіндік алған. Әрқайсысы өздеріне белгіленген кесте бойынша жұмыстанады. Оны бұзу не болмаса сақтамау өзгені сыйламау екенін спортшылар да, тұрғындар да
түсінген. Кей жерлерде бір ауылдың азаматтарын кешенге сыйғыза алмай жатқан спорт мамандары бөрлілік әріптестерінің тәжірибесін іске асырса, дұрыс болар еді.

Сөз арасында Кеңтүбек және Жарсуат ауылдық округтерінде де спорт кешендерін салу жоспарда бар екенін айтқанбыз. Егер Жарсуаттағы жоба ойдағыдай іске асса, ол кешенді Приуралье және Успен округтерінің спортшылары бас қосатын орталыққа айналдыруға болады. Аталған округ жаста-
ры мен спортшылары бірлескен оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастырып, шеберліктерін шыңдай түседі.

– Жарсуаттағы спорт кешені бой көтерсе, ол жерде аудандық, облыстық және халықаралық жарыстарды өткізуге де мүмкіндік туады. Өйткені ауыл Ресей Федерациясымен шектеседі. Ол жақтағы спортшылар да біздің аудан оғландарымен бірлескен жаттығулар өткізіп, жарыстарға қатыса алады. Ал Кеңтүбек ауылында спорт кешені тұрғызылса, Ақсу, Қарағанды, Достық ауылдық округтерінің спортшыларын бір жерге шоғырландыра аламыз. Ол да өз кезегінде спортты дамыта түсуге септігін тигізеді, – дейді Бөрлі аудандық спорт бөлімінің басшысы Армат Исанов (суретте).

Расымен де, ауданда төрт жерде спорт кешені жұмыс істейтін болса, түрлі жарыстар мен спартакиадаларды өткізу әлдеқайда жеңілдей түсер еді. Онымен қоса, спортшылардың деңгейі де жоғарылары анық. Бүгінгі таңда салынады деген үш спорт кешенінің біреуі қаржыландыруды күтіп тұр. Ол – Қызылтал шағынауданындағы мәдени-спорттық кешен. Сонымен қатар соңғы жылдары ақсайлық футболшылар да жақсы нәтижелер көрсете бастаған. Бірақ доп тепкен ағайын аудан орталығындағы барлық футбол стандартына сай келетін «Қарашығанақ» спорт кешеніне қарап қалған. Спорт бөлімі болашақта тек футбол ойнауға арналған спортзал салуды көздеп отыр.

– Қазір Ақсай қаласының әкімдігі футбол ойнауға арналған спортзал салуға қажетті жер телімін берді. Ендігі жұмыс – инвестор тауып, аяқдоп сүйер жұртты қуанту. Десе де, әзірге ол жұмыс тұралап тұр. Мәселені шешу жолын қалай да табуға тырысамыз, – деді Армат Исанов.

Соңғы кезде өңір волейболы тұралап қалған болатын. Сол олқылықтың орнын толтыру үшін Бөрлі ауданында «Ақсай» волейбол клубы құрылған. Қазіргі таңда жас-өспірімдер арасындағы ел чемпионатында бақ сынап жүрген ақсайлық арулардың аяқ алысы жаман емес. Олар спорттың осы түріне деген қызығушылықты арттырып, волейболды одан әрі дамыта түсу үшін және ауданның, облыстың мерейін асырмақ мақсатта биыл Ақсайда ел чемпионатының бір турын өткізуге ұсыныс жасаған. Ол бастама қолдау тауып, қараша айында еліміздің үздік жас волейболшылары Ақсай қаласында бас қосады. Сонымен қатар шаңғы спорты да осы күні жақсы жолға қойылды. Ақ-
сайлық шаңғышылар көп жылдан бері арман болған ел біріншілігінің жүлделерін алып, бір кездері аутсайдерлер қатарында болған батыс өңірінің шаңғышыларын еліміздегі үздіктер қатарына ен-
гізді. Әзірге жастар мен жасөспірімдер жарысында ғана жүлде салып жүрген Бөрлі ауданы спортшыларының болашақта еліміздің мақтанышына айналатындарына кү-мән жоқ. Тек жағдай жасалса болғаны. Соны ескерген Бөрлі ауданының шаңғы жарысы федерациясының басшысы Әлібек Сәрсембаев Ақсай қаласының шетінен шаңғы трассасын салуды қолға алды. Осыған дейін 800 метрлік трасса салған федерация басшысы биыл шаңғы жолын 1650 метрге жеткізіп, оның 800 метрін шаңғы-роллерлік жолақты еткен. Бүгіндері шаңғы жолын жарықтандыру ісі басталған. Келер жылы жұмысты толықтай аяқтап, арнайы куәландырудан өтер болса, Ақсай қаласының шаңғы жарысынан ел чемпионатын өткізуге мүмкіндігі бар. Сонымен қатар аудандық шаңғы жарысы федерациясы бапкер Ислам Сағыналиев пен үздік спортшыларға қаржылай қолдау көрсетіп, қажетті құрал-жабдықпен қамтамасыз етуді де қолға алған.

 

Ескі нысандар жөнделіп, жаңалары салынады

Атқарылған жұмыс көп болғанымен, кезегін күткен мәселелер де кездеседі. Солардың бірі – Ақсай қаласындағы «Жастар» стадионының жай-күйі. Қаланың қақ ортасындағы спорт нысаны осы күні ескірген. Бүгінде спорт бөлімі аталған орынды жөндеп, оны да халық игілігіне беруді көздеп отыр. Арнайы жоба жасалып, жаздыкүні футбол, қыстыкүні сырғанақ етіп пайдалану жөніндегі жоба аудан әкімдігінің де қолдауын тапқан. Алдағы уақытта стадионға жүгіру жолағы салынып, воркаут және көше жаттығу құрылғылары орнатылмақ. Одан бөлек, жарық және дыбыстық мачталар мен трибуналар, шағын футбол алаңы, волейбол және баскетбол ойнайтын орын да бой көтереді. Стадион айналасы қоршалып, жаңа кейіпке енбекші. Егер бұл жұмыс ойдағыдай аяқталса, аудан спорты ұтары анық.

Сондай-ақ ауданда ұлттық спорт түрлері де кенже қалып тұр. Бұл спортқа деген қызығушылықты арттыру үшін биыл Бөрлі ауданы ат спорты түрлерінен «Жайық жүйрігі» атты үлкен дода өткізді. Сонымен қатар аудан әкімдігі ат спорты түрлерін дамытуды қолға алып, ат қорасы мен спортшыларға арналған жаттығу орнын саламын деген инвестор табылса, оған қажетті жер телімін беріп, барынша қолдау білдіруге дайын. Спорт бөлімі қазір осы жұмысты біржақты ету жолын қарастыруда.

– Ұлттық спортты дамытып, ат баптаушыларға арналған орын саламын деген азаматтарға қолдау болады. Қазіргі таңда осындай тамаша бастаманы қолға алатын азаматтардың болмай тұрғаны қынжылтады. Бірақ бұл істі оң шешудің барлық жолы қарастырылады, – дейді Бөр-лі аудандық спорт бөлімінің басшысы Армат Исанов.

Жалпы ауданда спортты дамыту ісіне жақсы көңіл бөлінуде. Қолға алынған жобалар мақұлданып, жоспарлар ойдағыдай жүзеге асса, онсыз да өңір аудандарының алдыңғы қатарында тұрған Бөрлі спортының біразынан оқ бойы озатындай әлеуеті бар. Ендеше, іске сәт!

Түгелбай Бисен,
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале